Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N
912 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 24 қаңтардағы № 124 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 27, 312-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесіндегі:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген бөлім және реттік нөмірлері 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі