Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік объектілерден қорғау
жөніндегі ережені және Карантиндік объектілердің тізбесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің
2000 жылғы 30 желтоқсандағы № 1960 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 1 тамыздағы № 773 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңын және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөніндегі мемлекеттік шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөніндегі ереже;
2) карантиндiк объектiлердiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1960 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік
объектілерден қорғау жөніндегі
ереже
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөніндегі осы ереже (бұдан әрi - Ереже) "Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес әзiрлендi.
1. Жалпы ереже
1. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) карантиндiк тексеру (бұдан әрi - тексеру) - импорттық және отандық карантинге жатқызылған өнiмнiң (жүктердiң) және көлiк құралдарының карантиндiк жағдайын белгiлеу;
2) тексеру актiсi - карантинге жатқызылған өнiмнiң (жүктердiң) және көлiк құралдарының тексерiлген сәттегi карантиндiк жай-күйiн тiркейтiн, өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспектор беретiн ресми құжат;
3) карантиндiк хабарлама - карантинге жатқызылған материалдың алдағы келiп түсуi, оның карантиндiк жағдайы, сондай-ақ өткiзiлген іс-шаралар мен оны пайдалану шарттары туралы өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық мемлекеттік органды хабардар етушi құжат;
4) карантиндiк сертификат - Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде орын ауыстыратын және сатылатын, карантинге жатқызылған өнiмнiң карантиндiк жай-күйiн куәландыратын құжат;
5) карантиндiк аймақ - карантиндiк объект байқалуына байланысты белгiленген тәртiппен карантин жарияланған аумақ;
6) карантинге жатқызылған өнiмдi қайта экспорттау (бұдан әрi - қайта экспорттау) - Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өндiрiлген, сақталған, бөлiктерге бөлiнген, қайта қапталған немесе басқадай әдiспен әкету алдында карантиндiк объектiлермен әлеуетті залалдануға ұшыраған карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттау немесе Қазақстан Республикасында өндiрiлген өнiмдi басқа мемлекеттiң кедендiк аумағынан үшiншi елдерге экспорттау;
7) транзит - Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы, сондай-ақ шетелдiк мемлекеттiң аумағы арқылы, карантинге жатқызылған өнiмдi сақтаусыз, бөлiктерге бөлмей, қайта қаптамай, карантиндiк объектiлермен залалдану қаупiнсiз карантинге жатқызылған өнiмнiң орнын ауыстыру;
8) өсiмдiктер карантинi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оның аумақтық органдары;
9) фумигациялау - газ түріндегі химиялық затпен карантиндiк өнiмдi залалсыздандыру;
10) фумигациялық камера - карантинге жатқызылған өнiмдi химиялық затпен залалсыздандыруға арналған арнайы герметикалық үй-жай;
11) алу актiсi - Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгiленген тәртiппен және жағдайларда алуға жататын, залалданған, карантинге жатқызылған өнiмге (жүктер) мемлекеттік инспектор ресiмдейтiн ресми құжат;
12) өсiмдiктер ауруларын қоздырушылар - тiрi саңырауқұлақтардың, вирустардың, бактериялардың өнiмдерi, сондай-ақ нематодтар, кенелер мен жәндiктер.
2. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегі мемлекеттік iс-шараларды жүргiзу Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғауға, оларды табуға, оқшаулауға және жоюға, өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау жүргізуге бағытталған.
3. Өсiмдiктер карантинi бойынша iс-шаралар:
1) ауыл шаруашылығы, орман және сәндiк дақылдарының тұқымдары мен отырғызылатын материалына, өсiмдiктер мен олардың бөлiктерiне (қалемшесi, жуашығы, түйнегi, жемiсi), сондай-ақ карантиндi объектiлердi жұқтырушы болуы мүмкiн өсiмдiк тектi басқа да кез келген өнiмге;
2) өсiмдiктер ауруларын қоздырушыларға;
3) жәндiктердiң, өсiмдiктер ауруларын қоздырушылардың коллекцияларына, тұқымдардың гербарийлерi мен коллекцияларына;
4) карантиндi объектiлердiң жұқтырғыштары болуы мүмкiн ауыл шаруашылық машиналары мен топырақ өңдеуге арналған құралдарға, көлiк құралдарына, ыдыстың барлық түрiне, буып-түю материалдарына, өсiмдiк материалдарынан жасалған өнеркәсiп тауарлары мен бұйымдарға, топырақ құймалары мен үлгiлерiне;
5) өсiмдiк тектiлердi өсiретiн, дайындайтын, жинайтын, өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, шаруа (фермер), үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа мақсатқа арналған жерлерге қолданылады.
2. Карантинге жатқызылған өнiмдi әкелудiң, транзиттеудiң
тәртібі мен шарттары
4. Жеткізушi карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуге немесе оның транзитiне шарттар жасасу кезiнде өсiмдiктер карантинi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органнан карантиндiк шаралар туралы қажеттi ақпарат алады және карантиндiк объектiлердiң әкелiнуiнiң алдын алуды қамтамасыз ететiн шарттарды көздейдi.
5. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасына әкелу, сондай-ақ оның транзитi тек шекаралық фитосанитарлық пункттерi бар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде, мыналар:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органының импорттық карантиндiк рұқсаттары (1 қосымша);
2) экспортшы елдердiң ұлттық карантиндiк қызметтерiнiң фитосанитариялық сертификаттары болғанда жүзеге асырылады.
6. Импорттық карантиндiк рұқсаттар карантинге жатқызылған өнiм (жүктiң) иелерiнiң жазбаша түрде берген өтiнiшi негізiнде (өтiнiштiң нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi) берiледi.
7. Импорттық карантиндiк рұқсат алу үшiн жеке және заңды тұлға карантиндiк өнiмдi Қазақстан Республикасы арқылы транзиттi жүзеге асыруға дейiн 5 күн iшiнде немесе әкелуге дейiн 30 күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органына мынадай мәлiметтермен өтiнiм бередi:
1) Қазақстан Республикасына әкелiнетiн (транзиттелетiн) карантинге жатқызылған өнiмдi әкелудiң мақсаты және оның әр түрi бойынша жеке саны;
2) өнiмнiң арналып белгiленуi және қолданылу орны (мекен-жайы, ал транзит жүктерi үшiн - бағыты және белгiленген елi);
3) карантинге жатқызылатын өнiмдi импорттауды немесе транзиттеудi ұйғарған экспорттаушы елдiң атауы, сондай-ақ карантинге жатқызылатын өнiмдi шығарушы елдiң атауы;
4) карантинге жатқызылған өнiмнiң әкелiнуi белгiленген мерзiмдер немесе транзиттiк тасымалдаудың мерзiмi;
5) карантинге жатқызылған өнiм Қазақстан Республикасына әкелiнетiн шекаралық фитосанитариялық пункттiң атауы;
8. Карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуге (транзитке) өтiнiш иесi импорттық карантиндiк рұқсатты алуға берген өтiнiмiнде карантиндiк шаралардың өз есебiнен орындалуына кепiлдiк бередi. Бұл шараларды жүргiзудiң қажеттiлiгi өсiмдiктер карантинi бойынша бақылаудың нәтижесiнде анықталады.
9. Заңды және жеке тұлғалар карантиндiк объектiлермен карантиндiк өнiмнiң залалданған, сондай-ақ әкелiнуi, әкетiлуi мен транзитiне немесе әкелуге, әкетуге және транзиттеуге тыйым салынуы Қазақстан Республикасының , заңнамаларына және өсiмдiктер карантинi саласындағы ынтымақтастық туралы мемлекетаралық шарттарға сәйкес айқындалатын, сондай-ақ өзге карантинге жатқызылған өнiмнiң Қазақстан Республикасына әкелiнуiне (транзиттеуге) жол бермеуге тиiс.
10. Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органының рұқсатымен карантинге жатқызылған объектiлермен залалданудың жасырын нысаны бар мынадай карантинге жатқызылған өнiмдi:
1) ғылыми-селекциялық мақсаттар үшiн тұқымдар мен отырғызылатын материалдың үлгiлерiн сорттық сынақтан өткізу және өндiрiстiк егiс үшiн жемiс, орман, сәндiк және басқа дақылдардың отырғызылатын материалын;
2) ғылыми-зерттеу мекемелерiне және ботаника бақшаларына айырбас тәртiбіндегі тұқымдар мен отырғызылатын материалдың үлгiлерiн интродукциялық-карантиндiк көшеттiктерде оларды тексеру шартымен әкелуге рұқсат етiледi.
11. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм, сондай-ақ транзиттiк карантинге жатқызылған өнiм, транзиттiк карантинге жатқызылған өнiм тасымалданатын көлiк заңнамаларда белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының шекаралық фитосанитариялық пункттерiнде карантиндiк фитосанитариялық бақылаудан өтуге жатады.
12. Карантинге жатқызылған өнiмге арналған кедендiк құжаттарды ресiмдеу өсiмдiктер карантинi жөніндегі бақылаудан өткен соң жүргiзiледi.
13. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ жеңiлдiктер мен иммунитеттi пайдаланатын тұлғалардың карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуi, егер Қазақстан Республикасы бекiткен Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе халықаралық шарттарда өзге көзделмеген болса, осы ережеге сәйкес жүргiзiледi.
3. Шекаралық фитосанитариялық пункттердегi және карантинге
жатқызылған өнiмнiң келiп түсетiн соңғы пункттеріндегі өсiмдiктер
карантинi жөніндегі мемлекеттік бақылау
14. Карантинге жатқызылған өнiмдi (жүктердi) өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органы жүзеге асырады.
15. Шекаралық фитосанитариялық пункттер мен карантинге жатқызылған өнiм келiп түсетiн соңғы пункттердегi өсiмдiктер карантинi жөніндегі бақылауды, ал қажет болған жағдайда тексерудi, өсiмдiктер карантинi жөніндегі кедендiк тексерумен бiр мезгiлде, аумақтық органдардың өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.
16. Шекаралық фитосанитариялық пункттiң өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторы Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi бойынша қолданылып жүрген заңнамаларын карантинге жатқызылған өнiмнiң иелерiне түсiндiредi, импорттық карантиндiк рұқсатының болуын және экспортшы - елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатын тексередi және жүк иесiнiң немесе оның өкiлiнiң қатысуымен үлгiлерiн iрiктеп және сараптамадан өткiзiп жүктер мен көлiктiң жай-күйiн белгілейдi.
Жүктер мен көлiктiң карантиндiк жай-күйiн белгiлеуге арналған үлгiлердi ірiктеудiң тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
17. Егер жүктердi тасымалдаушылар карантинге жатқызылған өнiмдi өсiмдiктер карантинi жөніндегі бақылаудан өткізу үшiн беруден бас тартқан жағдайда, онда бұл өнiм экспортшы елге жүк тасымалдаушының есебiнен қайтарылуға жатады, бұл туралы өсiмдiктер карантинi жөніндегі инспектор Қазақстан Республикасының аумақтық шекаралық және кеден органдарына хабарлайды.
18. Карантинге жатқызылған өнiмнiң карантиндiк объектiлермен залалданғаны, сондай-ақ оны осы ереженi бұза отырып әкелiнген өнiмдер анықталған жағдайда, карантинге жатқызылған өнiм иесiнiң келісімi бойынша, ол экспорт жасаушы елге қайтаруға немесе залалсыздандыруға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен және жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, қайта өңдеушi ұйымдарға беруге жатады.
Залалданған өнiмдi залалсыздандыруға және қайта өңдеуге, оны қайтаруға мүмкiн болмаған жағдайда, залалданған өнiм оның иесiнiң рұқсатымен заңнамада белгiленген тәртiппен алып қоюға және жойылуға жатады.
Ғылыми немесе өзгеше құндылығы бар тұқымдар мен отырғызылатын материалдар, олардың иелерiнiң өтiнiштерi бойынша жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктерге берiлуi мүмкiн. Тұқымдар мен отырғызылатын материалдарды алуға себеп болған кемшiлiктер жойылғаннан кейiн және олардың карантиндiк объектiлермен көмескi залалдануын тексергеннен кейiн, тұқымдар мен отырғызылатын материалдар өздерiнiң иелерiне қайтарылады.
Карантинге жатқызылған өнiмді алуды (оның ішiнде пошта жөнелтiлiмдерi, қол жүгi және багаж) өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспектор заңнамаларда белгiленген тәртiппен жүзеге асырады, бұл туралы алу актiсi (2-қосымша) жасалады.
19. Карантинге жатқызылған өнiм фитосанитариялық бақылаудан өткiзiлгеннен және қажеттi карантиндiк iс-шаралар жүргiзiлгеннен кейiн өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспектор республикаға әкелуге арналған рұқсатымен өсiмдiктер карантинi жөніндегі бақылаудан өткiзiлгенi туралы тауарлы-көлiктiк жөнелтпе құжаттарға белгiленген үлгiде мөртабан қояды. Өнiм соңғы келiп түсетiн пунктке жолданады.
Өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспектор барлық жағдайларда өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органның мекен-жайына, жүктiң келiп түсетiн орны бойынша карантиндiк хабарлама жiбередi (3-қосымша).
20. Шекарада карантинге жатқызылған өнiмдермен (жүктермен) жүк операцияларын жүктердiң иелерi өсiмдiктер карантинi бойынша бақылау, оның iшiнде тексеру жүргізiлгеннен кейiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегі мемлекеттік инспекторының рұқсаты бойынша жүргiзедi.
21. Фумигацияға ұшыраған карантинге жатқызылған өнiмге берiлген фитосанитариялық сертификатта залалсыздандырудың өткiзiлген орны, өнiмдi залалсыздандыру жүргізiлген фумиганттың атауы, мөлшерi, экспозициясы, часограммаларының нормалары және залалсыздандырудың өткiзiлген күнi көрсетiледi.
22. Шекаралық фитосанитариялық пункттерде өсiмдiктер карантинi жөніндегі бақылаудан өткен, әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм (жүктер), сондай-ақ көлiк құралдары карантинге жатқызылған өнiм келiп түсетiн соңғы пунктте өсiмдiктер карантинi жөніндегі бақылауға, оның iшiнде тексеруге тап болады.
23. Келiп түсетiн соңғы пунктте карантинге жатқызылған өнiмдi және көлiк құралдарын тексерудi, талдауға және сараптауға үлгiлерiн iрiктеудi, кейiннен зертханада сараптай отырып өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органның өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады, ол туралы тексеру актiсi жасалады (4 қосымша).
24. Соңғы келiп түсу пунктiнде карантинге жатқызылған өнiмнiң өсiмдiктер карантинi жөніндегі бақылау жүзеге асырылғаннан кейiн өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық орган карантинге жатқызылған өнiмнiң иелерiне осы өнiмдi пайдаланудың шарттары туралы жазылған тексеру актiсiн бередi.
25. Карантинге жатқызылған өнiмнiң соңғы келiп түсу пунктiнде карантиндiк объектiлер анықталған жағдайда өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық орган қажетті карантиндік шаралар қабылдайды.
4. Карантинге жатқызылған өнiмдi әкетудiң, керi экспорттаудың
тәртібі
26. Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн карантинге жатқызылған өнiм, импорттаушы-елдердiң өсiмдiктер карантинi жөніндегі ұлттық қызметтерiнiң импорттық карантиндiк рұқсаттары және Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органдары берген фитосанитариялық сертификаттары болған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамаларының және өсiмдiктер карантинi саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы бекiткен мемлекетаралық шарттарда көзделген талаптар мен шарттарға жауап беруi тиiс.
27. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тысқары әкетуге өсiмдiктер карантинi жөніндегі (5-қосымша) аумақтық органының фитосанитариялық сертификаты болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
28. Фитосанитариялық сертификатты карантиндiк объектiлердiң болуын карантинге жатқызылған өнiмдi тексерген өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспектор бередi және өзi қолын қойып, белгiленген үлгiдегi мөрмен (мөртабанмен) растайды. Фитосанитариялық сертификат, әрбiр көлiк бiрлiгiне, сондай-ақ белгiленген бiр пунктке бағытталған карантинге жатқызылған өнiмнiң әрбiр партиясына берiлуге тиiс және әкетiлетiн өнiмнiң карантиндiк жағдайы куәлендiрiлуi, өнiмдi залалсыздандырудың жүргiзiлгендiгі, осы өнiмдi жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндiк талаптардың орындалғандығы туралы мәлiметтерi болуы тиiс.
29. Фитосанитариялық сертификат үш данада толтырылады, оның бiрiншiсi мен екiншiсi жүк жөнелтушiге берiледi, үшiншiсi өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органның iс қағазында қалады.
30. Карантинге жатқызылған өнiмдi әкетуге арналған фитосанитариялық сертификатты алу үшiн жеткізушi жүктiң партиясын әзiрлеуге және оны 15 күн iшiнде жөнелткенге дейiн фитосанитариялық сертификат беруге арналған өтiнiмдi өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органға беруге мiндеттi.
31. Әкетiлетiн карантинге жатқызылған өнiмнiң карантиндiк жағдайын осы өнiмдер бастапқы тиелген жерлерде, ал екiншi рет, экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезiнде теңiз және өзен порттарында (пристаньдарда), темiржол станцияларында, әуежайларда, пошта байланысы кәсiпорындарында, рыноктарда, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге де объектiлерде өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторлар белгiлейдi. Шекаралық фитосанитариялық пунктте қайта тиеусiз әкету кезiнде, тиеу орны берген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн өсiмдiктер карантинi бойынша ғана бақылау жүзеге асырылады.
32. Керi экспортталатын карантинге жатқызылған өнiмге осы ережеде көрсетiлген - қайтару, залалсыздандыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар талаптары таралады. Керi экспортталатын карантинге жатқызылған өнiмге, Қазақстан Республикасында өндiрiлген карантинге жатқызылған өнiмдi басқа мемлекеттiң аумағынан үшiншi елдерге экспорттаудан басқа жағдайларда, өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органдардың өсiмдiктер карантинi жөнiндегі мемлекеттік инспекторлары фитосанитариялық сертификат (6-қосымша) бередi.
5. Карантинге жатқызылған өнiмдi мемлекет iшiнде
тасымалдаудың және өткізудiң тәртібі
33. Карантинге жатқызылған өнiмдi мемлекет iшiнде тасымалдау, өсiмдiктер карантинi жөнiндегі аумақтық органдар беретiн карантиндiк сертификаттар (7-қосымша) болғанда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының карантиндiк аумағынан карантинге жатқызылған өнiмдi әкетуге өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органдар берген фитосанитариялық (карантиндiк) сертификаттар болуы кезiнде ғана рұқсат берiледi.
34. Карантинге жатқызылған өнiмнiң жүру жолында немесе оның келiп түсетiн ақырғы пунктiнде мекен-жайын өзгерту сертификат берген өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органның рұқсатымен жүргiзiледi.
35. Жеке және заңды тұлғалардың карантинге жатқызылған өнiмдi рыноктарда сатуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыруды және
көлiк құралдарын тазартуды жүргiзудiң тәртібі
36. Егер Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген карантиндiк объектiлермен залалданған карантинге жатқызылған өнiмдi (жүктердi) залалсыздандыру туралы шешiм қабылданған жағдайларда, ол шекаралық фитосанитариялық пункттерде, арнайы бөлiнген орындарда залалсыздандыруға жатады, ал өнiмнiң залалдануы соңғы келiп түскен пункттерiнде анықталған жағдайда, келiп түскен орны бойынша залалсыздандыруды (өңдеудi) өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық орган жүргiзедi.
37. Карантинге жатқызылған өнiмдi тасымалдау үшiн пайдаланылған көлiк құралдарының барлық түрлерi жүктердiң келiп түскен соңғы пункттерiнде мiндеттi түрде мұқият тазартуға жатады, жүктердiң келiп түскен соңғы пункттерiнде тазалау жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда, көлiктiң соңғы келу пунктiнде, арнайы бөлiнген орындарда тазалау жүргiзiледi. Көлiктiң соңғы келу пунктiнде жүргiзiлген тазалау туралы өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органға ақпарат берiледi.
Карантиндiк объектiлер анықталған жағдайда өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспектордың нұсқамасы бойынша, теңiз, өзен және әуе кемелерiн, темiржол мен автомобиль жолы көлiктерiн және карантинге жатқызылған өнiмдi тасымалдау үшiн пайдаланылған өзге де құралдарды залалсыздандыру жүргiзiледi.
Көлiк құралдарын және карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыруға дайындау, залалсыздандыру жөніндегі жұмыстар олардың иелерiнiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
38. Карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру шетелдiк мемлекеттерде жүргiзiлген кезде, әкелiнген өнiмде пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық санының болуы тексерiледi.
7. Қызметi карантинге жатқызылған өнiмдi өндiрумен
байланысты жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi
39. Қызметi карантинге жатқызылған өнiмдi өндiрумен, дайындаумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және сатумен байланысты жеке және заңды тұлғалар:
1) өсiмдiктер карантинi жөніндегі заңнамалардың, осы ереженiң талаптарын және уәкiлеттi мемлекеттік органның тиiстi карантиндiк iс-шараларды жүргiзу туралы ұйғарымдарын орындауға;
2) карантинге жатқызылған өнiмнiң және карантиндiк объектiлердiң болуы туралы мәлiметтердi өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық орган инспекторының талабы бойынша беруге;
3) егiстiктердiң, аумақтардың, карантинге жатқызылған өнiм сақталатын қоймалардың жүйелi түрде зерттелуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ қолда бар карантинге жатқызылған өнiмдi тексеру мен сараптама үшiн беруге;
4) карантиндiк объектiлер анықталған жағдайда өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органға дереу хабар беруге;
5) Қазақстан Республикасының аумағына келген, өсiмдiктер карантинi бойынша бақылаудан өтуге арналған карантинге жатқызылған өнiмi бар көлiк құралдары мен контейнерлердiң ашылуына жол бермеуге;
6) карантинге жатқызылған өнiмдi сақтауға арналған, карантиндiк фитосанитариялық талаптарға сәйкес үй жайлар бөлуге және өсiмдiктер карантинi бойынша бақылау өткiзiлгенге дейiн мұндай өнiмнiң күзетiлуiн қамтамасыз етуге;
7) карантинге жатқызылған өнiмi бар көлiктердi жүру жолында, сондай-ақ бұл үшiн арналмаған орындарда тазалауға жол бермеуге;
8) карантинге жатқызылған өнiмдi тасымалдауды, олардың залалдану мүмкiндiгiн болдырмау және Қазақстан Республикасының аумағында карантиндiк объектiлердiң таралмауы шараларын қамтамасыз ете отырып, жүзеге асыруға;
9) өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органның шешiмiне сәйкес карантиндiк шаралардың дәл орындауын қамтамасыз етуге мiндеттi.
8. Карантиндiк объектiлердi анықтау және олардың
таралуының алдын алу
40. Карантиндiк объектiлердi уақытылы айқындау, олардың таралу ошақтарының шекараларын белгiлеу мақсатында кез келген мақсаттарға арналған жер, үйлер, ғимараттар, құрылыстар, резервyарлар, қоймалық орындар, құрал-жабдықтар, контейнерлер және карантиндiк объектiлермен залалданудың және таралуының көздерi болуға қабiлеттi өзге объектiлер жүйелi түрде карантиндiк фитосанитариялық зерттеуге жатады. Зерттеудiң нәтижелерi өсiмдiктер карантинi бойынша бақылау өткiзiлгенi туралы актiмен ресiмделедi (8-қосымша).
41. Карантиндiк объектiлердiң ошақтары табылған жағдайда тиiстi аумақтарда "Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабында белгiленген тәртiппен карантиндiк режим енгiзiле отырып, карантиндiк аймақтар белгiленедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1960 қаулысымен бекітілген
Карантиндiк объектiлердiң тiзбесi
Карантиндiк мағынасы бар, Қазақстан Республикасының аумағында
тiркелмеген зиянкестер, өсiмдiктер аурулары және арамшөптер
А. Өсiмдiктер зиянкестерi
Anoplophora glabripennis Motschulsky
Саllоsоbruchus analis L.
Spodoptera litura Fabr
Нурhаnterа сunеа Drury
Liriomyza trifolii (Вurg)
Рrеmnotrypes spp
Unaspis citri Comst.
Раntomorus leucoloma Boh.
Теtradacus citri Chen.
Pseudococcus citriculus Green.
Unaspis yanonensis Kuw.
Numonia pyrivorella Mats.
Spodoptera littoralis Boisd.
Diabrotica virgifera virgiferale Conte
Ғrankliniella occidentalis Perg.
Callosobruchus phaseoli Gyll.
Ceroplastes rusci L.
Epitrix tuberis Gentner
Ерitrix cucumeris Harris
Phthorimaea operculella Zell.
Callosobruchus chinensis L.
Lymantria dispar L. (asian rасе)
Тhrips palmi Karny
Саrposina niponensis Wlsghm.
Conotrachelus nenuphar Hb.
Ceratitis capitata Wied.
Liriomisa sativae Blanch.
Pseudaulacaspis pentagona (Targ.)
Pestinophora gossypiella Saund.
Bemisia tabaci Gew.
Dialeurodes citri Rillcy
Phyllocnistis citrella Stainton
Pseudococcus gahani Green.
Liriovyza huidobrensis Blanch.
Rhagoletis pomonella Walsh.
Agrilus mali (Mats).
Popillia japonica (Newm).
Geroplastes japonicus Green.
Leucaspis japonica Ckll.
Б. Өсімдіктер аурулары
Саңырауқұлақты
Glomerella gossypii (South) Edgerton
Didymella chrysanthemi (Tassi) Gar.et
Gull.
Puccinia horiana P.Henn.
Angiosorus solani (Thirum et O Brier)
Diplodia macrospora (Earle)