Туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1947 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 26 маусымдағы № 651 Қаулысымен күші жойылды
Ел экономикасының басым секторы ретінде туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шараларын қамтамасыз ету, туризм саласындағы шағын кәсіпкерлікке мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Ішкі iстер министрлігімен, Мемлекеттік кiрiс министрлігімен, Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiмен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен (келісім бойынша) бiрлесiп, экономикалық және саяси жағынан тұрақты елдерден келетiн туристерге виза рәсiмдерiн оңтайландыру, оның iшiнде туристiк визаларды ресiмдеу мерзiмдерiн қысқарту жөніндегі және кедендiк рәсiмдердi оңайлату жөніндегі шараларды қабылдасын, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бiрлесiп, 2001 жылдың 1 наурызына дейiн Қазақстан Республикасының туристiк визасының құнын төмендету туралы ұсыныстар енгiзсiн, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң ұсынысы бойынша мерейтойларды, тарихи атаулы күндердi дайындау мен өткізу жөніндегі iс-шараларға халықаралық туристік ұйымдардың, елдің туристік жұртшылығының және туризм жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органдардың қатысуын көздесін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлігі:
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң келісімi бойынша шет елдік туристердi қабылдау үшiн тиiстi жағдайы бар және шет елдiк азаматтардың төлқұжатын тiркеу үшiн техникалық жарақтандырылған қонақ үйлердiң тiзбесiн анықтасын және оларға шетелдiк туристердi тiркеу құқығын беру туралы мәселенi қарастырсын;
рұқсат жазбаны ресімдеу рәсiмiн кезең-кезеңiмен (2000 жылдың 1 шiлдесiне дейiн) жоя отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елге шығуы тәртібін ретке келтiрсiн;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiмен және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiмен келiсе отырып, Қазақстан аумағында туристiк бағыттар бойынша туристiк автокөлiктiң кедергiсiз жүруiн қамтамасыз ететiн арнайы рұқсаттама берудiң мүмкiндiгiн зерделесiн.
3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi белгiленген тәртiппен халықаралық туристiк iс-шараларға, оның iшiнде халықаралық көрмелерге және туристiк жәрмеңкелерге туристiк ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
4.
Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінiң 24.05.2001 № 708 қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі:
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен басқа да мүдделi ведомстволармен бiрлесiп, шетелдiк туристер келетiн және шығатын жерлерде кешендi сервистiк қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз ету жөніндегі қажеттi шаралар қабылдасын;
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегi агенттiгiмен бiрлесiп, iшкi және халықаралық рейстер мен бағыттарға туристiк топтар үшiн көлiк қызметiнiң қолданылып жүрген тарифтерiне шегерiмдер қолдану мүмкiндiгiн қарастырсын;
iрi туристiк объектiлерге алып баратын автомобиль жолдарын республикалық маңызы бар жолдар тiзбесiне енгізу мәселесiн қарастырсын.
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiмен бiрлесiп, бұқаралық ақпарат құралдарында туризмдi экономиканың басым секторы ретiнде насихаттауды қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі:
2001 жылдың 31 қаңтарына дейiн ұлттық табиғи саябақтардағы туристiк бағыттардың сызбаларын Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiмен келiссiн;
мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, туристiк ұйымдар үшiн шетелдiк туристерге саятшылық пен балық аулауды жүргiзуге қолайлы бағалар бойынша лицензиялар квотасын белгiлесiн.
8.
Ескерту. 8-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.11.2001 № 1514 қаулысымен.
9. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетi туризм объектiлерiне тiкелей инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты жүргiзсiн.
10. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiмен және басқа да мүдделi ұйымдармен бiрлесiп, халықаралық тәжiрибеге сәйкес туристiк саланың статистикасын жетілдiру жөнiнде практикалық шараларды қабылдасын.
11. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi белгіленген тәртiппен туристiк бағыттарды мiндетті сертификаттауға жататын қызмет көрсетулер номенклатурасына енгізу туралы ұсыныс енгiзсiн.
12. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi шетелдiк туристердi қабылдау мен оларға қызмет көрсету және iшкi туризмдi ұйымдастыру жөніндегі туристiк қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді, оларға пайдаланылмай тұрған демалыс үйлерін, балалар және жастар лагерьлерін, пансионаттар мен басқа да үй-жайларды туристік мақсаттарға пайдалануы үшін белгіленген тәртіппен ұзақ мерзімді жалға беру жөніндегі шараларды қоса алғанда, қолдау шараларын қабылдасын, бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың шарттық қатынастарды мерзімінен бұрын бұзған жағдайда олардың кәсіпкерлерге шығындарды өтеуі жөніндегі жауапкершілігі көзделетін болсын.
13. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары