Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы № 1243
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 28 желтоқсандағы № 1910 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1404 қаулысымен күші жойылды
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы № 1243 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 45, 410-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"2000 жылдың 31 желтоқсаны бойынша квотаның көлемі" деген бағандағы "2000" деген сан "2002" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары