Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N
329 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 20 желтоқсандағы № 1865 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 11, 100-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтағы:
"бес" деген сөз "алты" деген сөзбен ауыстырылсын;
"бір бірінші" деген сөздер "екі бірінші" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі