АҚТҚ-ның таралу қарқынын қадағалап отырудың негізі ретінде эпидемиологиялық мониторинг енгізуді қамтамасыз ету;
індетті бақылаудың басым міндеттеріне сәйкес мамандар даярлаудың сапасын арттыру;
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алудың озық ұлттық және әлемдік тәжірибесін әлеуметтік салаға енгізуді қамтамасыз ету;
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу шараларына мемлекеттік тапсырыс қалыптастыруды көздеу, осы мақсаттарға бөлінетін бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалануға қол жеткізу;
АҚТҚ-ның алдын алу ісінде халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану.
Қорытынды
Осы тұжырымдаманы іске асыру оның негізінде Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның алдын алу жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын және жоспарын қабылдауға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде осындай бағдарламалар мен жоспарларды аймақтық деңгейде әзірлеп, қабылдауға негіз болады.
Бұл ретте ағымдағы әлеуметтік-экономикалық және медициналық-демографиялық ахуалдың өзгеруі жағдайында, негізгі бағыттарға, бағдарлама мен жоспарға өзгерісті уақтылы енгізу үшін осы тұжырымдамада белгіленген іс-қимыл бағыттарының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік туады.