Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қазандағы № 1628
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 28 қарашадағы № 1766 қаулысы
ҚР Үкіметінің 28.02.01 ж. № 290 қаулысымен қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" ашық акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қазандағы № 1628 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы:
"KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" ашық акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Геннадий Григорьевич Комаров енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Мейрамкүл Алтынбекқызы Дүзбаева шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Қ. Тоқаев |