Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 17 қарашадағы № 1732 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 сәурдегі № 470 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 13-14, 140-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарында:
4-басымдық. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және игілігі тарауында:
4.7. Мәдениет және спорт бөліміндегі:
реттік нөмірі 4.7.1.22-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі