"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар
енгізу туралы 2000 ж. 13 қарашадағы № 98-II
Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 13; № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, № 180-құжат; № 18, 367-құжат; 1997 ж., № 11, 144-құжат; № 12, 189-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 4, 46-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 20, 717-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; № 10, 244-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
149-бапта:
1) бірінші бөлікте:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) акцизделетін тауарлардан басқа мемлекеттік сыртқы заемдар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар;";
мынадай мазмұндағы 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:
"17) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген, салық заңдарына сәйкес белгіленген гранттар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар;
18) ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесіне орай Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау үшін өткізілетін бітімгершілік немесе өзге де жаттығулар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін немесе осы аумақтан әкетілетін тауарлар.";
2) үшінші бөлік "12)" деген цифрдан кейін ",17), 18)" деген цифрлармен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |