Мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орындалатын республикалық және
жергілiкті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 6 қарашадағы № 1675 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.07.02 ж. № 832 қаулысына сәйкес 2002 ж. 1 қаңтарынан осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орындалатын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру ережесi бекітілсiн.
2. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар, өзге де орталық мемлекеттік органдар бiр ай мерзiмде бұрын қабылданған шешiмдердi Мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орындалатын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру ережесіне сәйкес келтiрсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгi ережелердi әзiрлеу жөнiндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 1314 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 440-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 1314 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1169 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 41, 361-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 6 қарашадағы
№ 1675 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орындалатын
республикалық және жергiлiктi бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыру
ережесi
Осы Ереже бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шығыстарын республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен төлеудiң негізгі шарттары мен тәртібін көздейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
мемлекеттік тапсырыс - Тапсырыс берушiнiң атынан бюджеттік бағдарламалар республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң ақшасы есебiнен қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) мемлекеттiң сатып алуы түрiнде орындалатын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламаны (бұдан әрi - бюджеттік бағдарлама) iске асыру нысаны;
Тапсырыс берушi - белгілi бiр мемлекеттік функцияларды орындауына байланысты мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүзеге асыратын республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерi немесе заңды тұлға болып табылатын аумақтық мемлекеттік органдар;
Орындаушы - мемлекеттік тапсырысты Тапсырыс берушiмен жасалған шартқа сәйкес орындайтын заңды немесе жеке тұлға.
2. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражаттың есебiнен жүргiзiледi.
3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру мемлекеттік сатып алулар туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік тапсырыс негізiнде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру үшiн Тапсырыс берушi Орындаушылармен шарттар (келісім-шарттар) жасасады.
5. 1-қосымшаға сәйкес Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орындалатын әрбiр бағдарлама (кiші бағдарлама) бойынша, республикалық және жергiлiкті бюджеттердiң қаражаты есебiнен орындалатын осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша, мемлекеттік тапсырыс туралы ереженi (бұдан әрi - Мемлекеттік тапсырыс туралы ереже) әзiрлейдi және бекiтедi.
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен немесе қаржы мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органмен Мемлекеттік тапсырыс туралы ереженi келiседi және оларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң тиiстi аумақтық органдарына (бұдан әрi - Қазынашылықтың аумақтық органдары) ұсынады.
2. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың шарттары
6. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, iске асырылу нысаны мемлекеттік тапсырыс ретiнде анықталған бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) екi топқа бөлiнедi:
орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) көлемiне сәйкес қаржыландырылатын бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) (бұдан әрi - I топ);
мемлекеттік тапсырыс құнының бiрлiгіне шағып қаржыландырылатын бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) (бұдан әрi - II топ).
7. Ағымдағы қаржы жылы мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт (келісім-шарт) жасасқан кезде мынадай талаптарды сақтау қажет:
1) өткен қаржы жылдары жасалған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт (келісім-шарт), өткен қаржы жылдарының орындалмаған мiндеттемелерiнiң сомасына, ағымдағы қаржы жылы Қазынашылықтың аумақтық органдарында қайта тiркелуге жатады;
2) ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт (келісім-шарт), (егер заңнамада өзгеше көзделмесе) ағымдағы қаржы жылы Қазынашылықтың аумақтық органдарында қайта тiркелген, өткен қаржы жылдарының орындалмаған мiндеттемелерiнiң сомаларын шегере отырып, республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекітілген тиiстi бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша жылдық соманың шегiнде жасалуы мүмкiн.
8. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердi нақтылау нәтижесiнде мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орындалатын бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша жылдық сома өзгерген жағдайда, осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттар (келісім-шарттар) жеткiзiлетiн тауарлардың, орындалатын жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) сандық (заттай) және құндық түрде берiлетiн көлемi бөлiгiнде өзгертiлуге және Қазынашылықтың аумақтық органдарында қайта тiркелуге жатады.
9. Егер бiр бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) орындау үшiн шарттар (келісім-шарттар) бiрнеше Орындаушылармен жасалатын болса, осындай шарттардың (келісім-шарттардың) жалпы сомасы өз шегінде осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шарт жасасуға рұқсат етiлетiн бюджеттік тағайындаулардың сомасынан аспайды.
10. Заңнамалық кесімдермен анықталған шарттардан басқа, мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт (келісім-шарт) мыналарды:
2 және 3-қосымшаларға сәйкес шартқа қоса беріліп отырған нысандармен расталатын сандық (заттай) және құндық түрде берiлетiн тауарлардың, орындалатын жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) көлемiн. Осы қосымшаларда айлар бойынша сома осы бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша Тапсырыс берушiнiң шығыстарының сметасында көрсетiлген тиiстi соманың шегінде келтiрiлуi тиiс;
егер бағдарлама (кiшi бағдарлама) I топқа жататын болса, орындалған жұмыстар (жеткiзiлiмдер, көрсетiлген қызметтер) актiсiнiң мiндеттi түрде жасалуын және Қазынашылықтың аумақтық органдарына ұсынылуын көздейтiн шартты, егер II топқа жататын болса, мемлекеттік тапсырыс құны бiрлiгiнiң iс жүзіндегі санын көрсете отырып, есептемелердi;
тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсiмдерiнің нәтижелерi бойынша ресiмделген хаттаманың нөмiрi мен күнiн қамтуы тиiс.
11. Қазынашылықтың аумақтық органдары шарттарды (келісім-шарттарды) тiркеген кезде осы Ереженiң 10-тармағында көрсетiлген ережелердiң бар-жоғын тексередi.
12. Орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) актілерінде және мемлекеттік тапсырыс құнының есептемесінде мыналар:
Тапсырыс берушi мен Орындаушының атауы;
есептi кезеңде берiлген тауарлардың, орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) құны;
Орындаушыдан ұсталатын аванстың бөлiгi немесе толық сомасы;
белгiлi бiр уақыт кезеңiнде (күнi көрсетiледi) сандық (заттай) түрдегi І топ үшiн берiлген тауарлардың, орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) көлемiн көрсете отырып, түрлерi және II топ үшiн мемлекеттік тапсырыс құны бiрлiгiнiң iс жүзіндегі саны;
қаржыландырылатын айға арналған бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша лимиттiң қалдығынан аспауы тиiс ұсталатын авансты ескере отырып, есептi кезеңде берiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға (көрсетiлген қызметтерге) ақы төлеу үшiн Орындаушыға аудару талап етiлетiн сома көрсетiледi.
Орындалған жұмыстардың актілері мен есептемелерге басшылар қол қояды және Тапсырыс берушi мен Орындаушының мөрлерiмен бекітіледi.
13. Орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) актілері мен мемлекеттік тапсырыс құнының есептемелерi деректерiнiң растығы үшiн Тапсырыс берушi мен Орындаушы жауап бередi.
14. Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы ұсталатын авансты ескере отырып, орындалған жұмыстардың актiсiне, мемлекеттік тапсырыс құнының есептемесiне сәйкес төлем тапсырмасында көрсетiлген сома мен мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеу үшiн Орындаушыға аудару талап етiлетiн соманың сәйкестiгiн тексередi.
3. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру тәртібі
15. Мемлекеттік тапсырысты орындағаны үшiн Орындаушымен есеп айырысу Тапсырыс берушiнiң бюджеттік шотынан екiншi деңгейдегi банктердегi не Қазынашылықтың аумақтық органдарындағы Орындаушылардың шоттарына ақша аудару жолымен жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) орындау үшiн бiрiншi топқа жататын Орындаушыларды республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен авансылау мынадай тәртiппен жүргiзіледi:
1) құнында жұмыстарды орындау (қызметтердi көрсету) үшiн қажеттi материалдар мен жабдықтар сатып алуға арналған шығыстар кемiнде 40 пайызды құрайтын жұмыстардың орындалуын (қызметтердiң көрсетiлуiн) көздейтiн бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша Орындаушыларға бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша бекітілген жылдық соманың 30 пайызынан аспайтын жалпы сомада және Тапсырыс берушiнiң осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шығыстарының сметасы шегiнде аванс беруге рұқсат етiледi;
2) арнайы жабдықтармен, көлiк құралдарын, мал дәрiгерлiк және биологиялық препараттарды, өсiмдiктердi қорғау құралдарын, дәрi-дәрмектердi тек орталықтандырылған түрде сатып алуды көздейтiн бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша жүргізiлетiн сатып алудың 50 пайызынан аспайтын сомаға, бiрақ Тапсырыс берушiнiң осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шығыстарының сметасы шегiнде Орындаушыларды авансылауға рұқсат етiледi;
3) 1, 2-тармақшаларда көрсетiлмеген басқа бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша бекітілген жылдық соманың 10 пайызынан аспайтын сомаға және Тапсырыс берушiнiң осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шығыстарының сметасы шегінде авансылауға жол берiледi.
Орындаушыларға аванс Мемлекеттік тапсырыс туралы ережеге сәйкес жыл бойына бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн.
17. Қазынашылықтың аумақтық органдары үшiн Тапсырыс берушiнiң бюджеттік шотынан мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орындалатын жұмыстарды (көрсетiлетiн қызметтердi) Орындаушының есеп шотына ақша аудару үшiн:
Тапсырыс берушi мен Орындаушы арасындағы Қазынашылықтың аумақтық органында тiркелген мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттың (келісім-шарттың);
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бекiткен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен немесе қаржы мәселелерi жөніндегі жергiлiктi атқарушы органмен келісілген Мемлекеттік тапсырыс туралы ереженiң;
егер бағдарлама (кіші бағдарлама) I топқа жататын болса, орындалған жұмыстар (қызмет көрсетулер) актiсiнiң және егер II топқа жататын болса, мемлекеттік тапсырыс құны есептемелерiнiң болуы негiз болып табылады.
Бұл ретте, төлем тапсырысында тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi жүргізiлген мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiнiң нәтижелерi бойынша ресiмделген хаттаманың нөмiрi мен күнi, шарттың (келісім-шарттың) нөмiрi мен күнi, мемлекеттік мекеме мiндеттемесiнiң нөмiрi және орындалған жұмыстардың актiсiне, тиiстi есептемеге сiлтемемен бiрге төлемнiң мақсаты (аванс, орындалған берудiң немесе жұмыстың, көрсетiлген қызметтердiң ақысы) көрсетiледi.
І топқа жататын мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) орындау үшiн Орындаушыларды авансылау кезiнде орындалған жұмыстардың актiсiн беру талап етiлмейдi.
18. Қазынашылықтың аумақтық органдары ақша аударған кезде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.
1-қосымша
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен
орындалатын бағдарлама (кішi бағдарлама) бойынша Мемлекеттік
тапсырыс туралы ереженi әзiрлеу жөнiндегі нұсқаулық
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы ереже (бұдан әрi - Мемлекеттік тапсырыс туралы ереже) мынадай тарауларды қамтуы тиiс:
1. Жалпы ережелер
1. Өзiне бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) атауын, осы бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) қажеттілiгi мен дамуын анықтайтын нормативтiк құқықтық кесiмдерге сiлтемелерi қамтиды.
2. Бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) мазмұны
2. Мыналарды:
бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) мақсатын;
осы бағдарламаның (кiшi бағдарламаның), олардың түрлерi бойынша жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң орындалуын қамтамасыз ететiн сипаттауды. Бұл ретте, егер осы бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру бiрнеше жылға есептелген болса, онда iс-шараларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сипаттау жылдар бойынша бөле отырып ұсынылады;
Мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орындалатын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру ережесіне сәйкес осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға Тапсырыс берушiнi өзiне белгiлеудi қамтиды;
3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру
3. Осы тарауда мемлекеттік тапсырыстың орындаушысын таңдаудың тәсiлдерi көрсетiледi және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес таңдаудың осындай негiздемесi келтiрiледi.
4. Мемлекеттік тапсырысты конкурстық негiзде орналастырған жағдайда, осы тарауда конкурстық өтiнiмдi жеңiп алушыны анықтау кезiнде конкурстық комиссия ескеретiн өлшемдердiң тiзбесi көрсетiледi.
4. Мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеу тәртібі
5. Осы тарау өзiне мыналарды:
Мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орындалатын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру ережесінiң 6-тармағына сәйкес қаржыландыру кезiнде қолданылатын мемлекеттік тапсырысты Орындаушылармен есеп айырысу қағидаттарын, яғни бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) көлемiне сәйкес қаржыландырылатын бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) немесе мемлекеттік тапсырыс құнының бiрлiгiне шаққандағы тиесiлiлiгi;
Мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орындалатын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру ережесінiң 16-тармағында көзделген жағдайда бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орындау үшiн Орындаушыларды авансылау тәртібін, атап айтқанда, авансылаудың мақсатын, жылдық бекітілген көлемдегi аванстың үлесiн, төлемдердiң сатысын, аванстың кезең-кезеңдiк мөлшерлерiн, авансты ұстау тәртібін;
Тапсырыс берушi өзiнiң бюджеттік шотынан Орындаушының есеп шотына аудару үшiн Қазынашылықтың аумақтық органдарына ұсынатын құжаттардың тізбесiн қамтиды.
5. Мемлекеттік тапсырысты орындаудың өлшемдерi
Осы тарауда мемлекеттік тапсырысты орындаудың мынадай өлшемдерi көрсетiледi:
сандық өлшемдер - қандай тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) және
қандай санда (көлемде) берiлетiнiнiң (орындалатынының, көрсетiлетiнінiң)
көрсеткіштерi;
сапалық өлшемдер алынған нәтиженiң сапасы қалай бағаланатынын анықтайды;
уақытылық өлшемi, ол бағдарламадан нәтижелер қандай уақыт кезеңiнде болғанын және алынатынын немесе қандай да бiр қызмет көрсетудiң немесе жұмыстың орындалуының орташа ұзақтығын анықтайды;
тиiмдiлiк өлшемi - орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бiрлiгiне шығыстардың көлемiн өлшеу. Тиiмдiлiк өлшемi бағдарламаның қаншалықты үнемдi, неғұрлым аз шығындармен орындалатынын анықтауы тиiс;
нәтижелiлiк өлшемi - бағдарлама қандай дәрежеде қойылған мiндеттерге қол жеткiзiп отырғанының көрсеткiштерi.
2-қосымша
Бекітемін Бекітемін
__________________________ _________________________
(Тапсырыс берушінің атауы) (Орындаушының атауы)
__________________________ _________________________
(аты-жөні, лауазымы, қолы) (аты-жөні, лауазымы, қолы)
___ жылғы "___"___________ ___ жылғы "___"__________
М.О. М.О.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын жұмыстардың
(қызмет көрсетулердің) жоспары
Кодтары
Мемлекеттік мекеме-бағдарламалардың әкімшісі _______
Бағдарлама _______
Кіші бағдарлама _______
Мемлекеттік тапсырысты орындаушы _______
-------------------------------------------------
! _____ жылға арналған !___ жылға
!жұмыстардың (қызмет ! сомасы
!көрсетулердің) атауы !(мың теңге)
-------------------------------------------------
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан
-------------------------------------------------
Жиыны
о.і.материалдар
мен жабдықтар
сатып алуға
жұмсалатын
шығыстардың
үлес салмағы:
мың теңгемен
%-бен
------------------------------------------------
Тапсырыс берушінің
қаржы бөлімшесінің бастығы _________________________
(аты-жөні, лауазымы, қолы)
Ескерту:
Осы нысан орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) көлеміне сәйкес қаржыландырылатын бағдарламалар (кіші бағдарламалар) үшін толтырылады.
3-қосымша
Бекітемін Бекітемін
__________________________ _________________________
(Тапсырыс берушінің атауы) (Орындаушының атауы)
__________________________ _________________________
(аты-жөні, лауазымы, қолы) (аты-жөні, лауазымы, қолы)
___ жылғы "___"___________ ___ жылғы "___"__________
М.О. М.О.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын жұмыстардың
(қызмет көрсетулердің) жоспары
Кодтары
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі _________ ______
Құн бірлігіне арналған шығыстардың негізгі түрлері _________ ______
Бағдарлама бойынша _________ ______
Кіші бағдарлама бойынша _________ ______
Мемлекеттік тапсырысты орындаушы _________ ______
(теңге)
---------------------------------------------------------------------------
Кодтары! Атауы !____ жылға!
! !арналған !
! !жоспар !қаңтар!ақпан!наурыз!сәуір!мамыр!маусым!
---------------------------------------------------------------------------
!Жалпы саны,
!бірл. _______
! (құн бірлігі)
!жұмсалатын
!шығыстар
!Жалпы сан үшін
!барлық шығыстар
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
--------------------------------------------
шілде!тамыз!қыркүйек!қазан!қараша!желтоқсан
--------------------------------------------
Тапсырыс берушінің
қаржы бөлімшесінің бастығы _________________________
(аты-жөні, лауазымы, қолы)
Ескерту:
Осы нысан мемлекеттік тапсырыс құнының бірлігіне шағын қаржыландырылатын бағдарламалар (кіші бағдарламалар) үшін толтырылады.