Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 ақпандағы № 253
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 2 қарашадағы № 1657 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 16 ақпандағы № 253 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 7, 94-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасындағы:
"2. Жердiң нақты меншiк иелерiн және жердi пайдаланушыларды қалыптастыру" деген бөлiмнiң алтыншы тобының "Шетелдiк жер пайдаланушылар" деген бесiншi абзацы алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралардағы:
реттiк нөмiрi 1.2 - жолдағы:
5-бағанның екiншi және үшiншi абзацтарындағы "2000 жылдың 4-тоқсаны" деген сөздер "2001 жылдың 2-тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3, 4 және 5-бағандардың төртiншi абзацы алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 2.2 - жолдағы, 2, 3, 4 және 5-бағандардың үшiншi абзацы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі