Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 220
және 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 19 қазандағы № 1572 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.04.02 ж. № 470
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 24.04.02 ж. № 470 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 220 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарындағы:
реттік нөмірі 39-1-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 13-14, 140-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарындағы:
3.3. Салық және бюджет саясаты бөлімінің 3.3.1. Салық-бюджет саясатының тиімділігін арттыру және бюджет тапшылығын инфляциялық емес қаржыландыру бөлімшесіндегі:
реттік нөмірі 3.3.1.26-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі