Жекелеген азық-түлік тауарлар импорты кезінде уақытша қорғау
шараларын енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 17 қазандағы № 1548 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
"Тауар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес iшкi рынокта тең бәсекелестiк жағдайын жасау және отандық өндiрушiлердiң өтiнiшi бойынша жүзеге асырылатын анықтауды ескере отырып, отандық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес тауарлар импортына алты ай мерзiмге уақытша қорғау шаралары енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі жүргiзiлетiн анықтау рәсiмi аяқталғанға дейiн, заңнамада белгіленген тәртiппен, қосымшаға сәйкес тауарлар импортын лицензиялауды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi қосымшаға сәйкес мөлшерлерде тауарларды импорттау кезiнде қолданылып жүрген кедендiк баж ставкасынан тыс алынатын уақытша қорғау бажын депозитке енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Антидемпингтiк бақылау жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық комитетiне және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiн Қазақстан Республикасының уақытша қорғау шараларын енгiзетiнi туралы хабардар етсiн.
5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 17 қазандағы
№ 1548 қаулысына
қосымша
Оларға қатысты анықтау рәсімі басталатын және уақытша
қорғау бажының ставкасы салынатын тауарлар тізбесі
------------------------------------------------------------------
Тауар атауы ! ТМД СЭҚ ! Уақытша қорғау бажының
! бойынша ! ставкасы (кедендік құнынан
!тауар коды ! % түрінде)
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3
------------------------------------------------------------------
Құс, үй құсы,
қабыршағындағы 30, бірақ 1000 данасына
жұмыртқалар, жас, 20 ЕВРО-дан кем емес
консервіленген немесе
қайнатылған, өзге де 040700300
Маргарин, сұйық
маргариннен басқа, 30, бірақ 1 тоннасына
өзге де 151710900 450 ЕВРО-дан кем емес
Жылумен өңделмеген,
құрамына ештеңе
салынбаған немесе жұмыртқа
қосылған басқа жолмен
жасалмаған ашытқысыз
қамырдан жасалған өзге 20, бірақ 1 тоннасына
де бұйымдар 190211000 200 ЕВРО-дан кем емес
Жылумен өңделмеген,
құрамына ештеңе
салынбаған немесе басқа
жолмен жасалмаған
ашытқысыз қамырдан
жасалған бұйымдар, өзге 20, бірақ 1 тоннасына
де 190219900 200 ЕВРО-дан кем емес
Ашытқысыз қамырдан
жасалған кептірілген
бұйымдар 20, бірақ 1 тоннаға
190230100 200 ЕВРО-дан кем емес
Ашытылмаған қамыр 20, бірақ 1 тоннасына
өнімдері, өзге де 190230900 200 ЕВРО-дан кем емес
Наубайханалық құрғақ 30, бірақ 1 тоннасына
тез ашытқылар 210210310 200 ЕВРО-дан кем емес
Наубайханалық тез 30, бірақ 1 тоннасына
ашытқылар, өзге де 210210390 200 ЕВРО-дан кем емес
Майонез* 210390900 20, бірақ 1 тоннасына
ішінен 250 ЕВРО-дан кем емес
Химиялық өзгерістерге
арналған (натрий және
хлор бөлінісі) кейін
басқа өнімдер өндірісінде
қолданылатын қайнатылған 30, бірақ 1 тоннасына
тұз 250100310 12 ЕВРО-дан кем емес
Денатурланған немесе
өндірістік мақсаттағы
(тазалауды қосқанда),
бірақ консервіленген
немесе адамдарға немесе
жануарларға тағамдық
өнімдер дайындауға
арналғаннан басқа 30, бірақ 1 тоннасына
қайнатылған тұз 250100510 7 ЕВРО-дан кем емес
Тағамға пайдалануға
жарамды асханалық 30, бірақ 1 тоннаға
қайнатылған тұз 250100910 12 ЕВРО-дан кем емес
Тағамға пайдаланылуға
жарамды асханалық тағы
да қайнатылған тұздар, 30, бірақ 1 тоннасына
өзге де 250100990 15 ЕВРО-дан кем емес
__________________________________________
* Тауар номенклатурасы кодпен және тауар атауымен анықталады.