"Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы"
жабық акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 17 қазандағы № 1543 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.09.02 ж. № 996; 15.11.04 ж. № 1201 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2000 жылға арналған негiзгi iс-шараларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 20 маусымдағы № 923 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 15.11.04 ж. № 1201 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. "Шағын кәсіпкерлiк жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы" (бұдан әрi - РАКО) жабық акционерлік қоғамы оның жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен құрылсын.
2. РАКО қызметiнiң негiзгi нысанасы:
шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
шағын кәсiпкерлiк проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн ақпарат желiсiн құру және дамыту;
көрмелер ұйымдастыру;
шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымын (технопарктердi, бизнес-инкубаторларды, оқу орталықтары мен инфрақұрылымның басқа да объектiлерiн) дамыту;
шағын кәсiпкерлiк саласында жұмыс iстейтiн адамдарды оқытуды ұйымдастыру болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі РАКО-ның жарғылық капиталын 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестiң мемлекеттік бағдарламасы" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен қалыптастыру үшiн 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде сома бөлсiн.
ҚР Үкіметінің 12.09.02 ж. № 996 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
РАКО-ның Жарғысын бекiтсiн және мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
мемлекеттік тiркеуден кейiн РАКО акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне берсiн.
5. Астана қаласының әкімі белгiленген тәртiппен РАКО-ны орналастыру үшiн қажеттi үй-жай бөлсiн.
ҚР Үкіметінің 12.09.02 ж. № 996 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi шаралар қолдансын.
7. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Шағын кәсіпкерлiктiң республикалық ақпараттық-көрме орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 14 наурыздағы № 325 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 наурыздағы № 325 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 1 шiлдедегi № 1039 қаулысы.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары А.С. Павловқа жүктелсiн.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі