Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының
ұлттық бөлігін жасақтау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 17 қазандағы № 1541 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1437; 20.05.03 ж. № 467
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 952 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы № 1226 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресей Федерациясына 2000 жылғы 18-20 маусымдағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1437; 20.05.03 ж. № 467 қаулыларымен құрам өзгерді
1. Мынадай құрамда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының (бұдан әрі - Мемлекетаралық комиссия) ұлттық бөлігі жасақталсын:
Әбдiрахманов - Қазақстан Республикасының
Есiркеп Оңланбекұлы Индустрия және сауда министрлігi
Технологияларды дамыту департаментінің
директоры
Андрющенко - Қазақстан Республикасының Индустрия
Александр Иванович және сауда бiрiншi вице-министрi,
жетекшi
Поспелов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Николай Николаевич министрiнiң орынбасары
Литвинов - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Михаил Константинович iстер министрлігі ТМД iстерi жөніндегі
комитетiнiң төрағасының орынбасары
Метте - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық
Виталий Леонидович компаниясы" ААҚ-ның президентi
2. Мемлекетаралық комиссияның ұлттық бөлігі ресей тарапымен өткізілген консультациялардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының одан әрі ықпалдасуы жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |