"Алатау" баспа-полиграфиялық корпорациясы" республикалық мемлекеттік
кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 29 қыркүйектегі № 1470 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Алатау" баспа-полиграфиялық корпорациясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны:
1) аудандық баспаханалардың мүлiктiк кешендерiн бөлу және олардың базасында "Алатау" баспа-полиграфиялық корпорациясы" ашық акционерлік қоғамын (бұдан әрi - "Алатау" БПК" ААҚ) құру;
2) қалалық баспахана мүлiктiк кешенiн бөлу және оның базасында құрылтайшылар құрамына 30 пайыздан аспайтын қатысушы үлесiмен "Сын" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiн енгiзе отырып, "Алматы-Болашақ" жабық акционерлік қоғамын (бұдан әрi - "Алматы-Болашақ" ЖАҚ) құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi:
1) "Алатау" БПК" ААҚ мен "Алматы-Болашақ" ЖАҚ-ның жарғыларын бекіту кезiнде олардың негiзгi қызмет түрлерiн анықтасын және олардың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) "Алатау" БПК" ААҚ мен "Алматы-Болашақ" ЖАҚ-ның акцияларының мемлекеттік пакеттерiнiң олардың жарғылық капиталдарының 33 пайызы мөлшеріндегі бөлiгiн жекешелендiрудi жүзеге асырсын;
3) "Алатау" БПК" ААҚ мен "Алматы-Болашақ" ЖАҚ акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асырушы уәкiлеттi орган етiп Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігін белгiлесiн;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Акциялардың мемлекеттік пакеттерi мен олардың үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзбесіндегi:
"Алматы қ." бөлiмi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 293 және 293-1-жолдармен толықтырылсын:
"293. "Алатау" БПК" ААҚ;
293-1. "Алматы-Болашақ" ЖАҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану құқығы берiлетiн салалық министрлiктер тiзбесіндегі:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" бөлiмi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-1 және 224-2-жолдармен толықтырылсын:
"224-1. "Алатау" БПК" ААҚ;
224-2. "Алматы-Болашақ" ЖАҚ";
3) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысындағы:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға жатқызылған кәсiпорындар тiзбесіндегі реттiк нөмiрi 4-жол алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі