Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 220
және 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулыларына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 27 қыркүйектегі № 1462 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.04.02 ж. № 470
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 24.04.02 ж. № 470 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 220 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарында:
реттiк нөмiрi 26, 33, 35, 36, 37 және 40 жолдар алып тасталсын;
реттiк нөмiрi 43-1 және 43-2, мынадай мазмұнды жолдармен толықтырылсын:
"43-1 Теңiзде Көлiкком- қыркүйек қазан қараша"
саудамен жүзу минi
туралы
"43-2 Темiржол көлiгi Көлiкком- қыркүйек қазан қараша";
туралы минi
2) "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПYКЖ, 2000 ж., № 13-14, 140-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспарында:
5-басымдық. Инфрақұрылым, көлiк және байланыс тарауында:
5.4. Заңдарды, есеп және есептеменi жетiлдiру бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 5.4.1. және 5.4.2.-жолдарда "2000 жылғы тамыз" және "2000 жылғы шiлде" деген сөздер "2000 жылғы қазан" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5.4.3-жол алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі