Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 1438 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1438 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1102 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік білім мекемелерiнiң ақылы білім беру қызметiн көрсетуiнiң тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi № 1438 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 47, 440-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім мекемелерiнiң ақылы білім беру қызметiн көрсетуiнiң тәртібіндегi:
2-тармақтағы 9) тармақшада "өнiмдерiн" деген сөзден кейiн "оқу-әдiстемелiк әдебиеттi сатудан алынатын қаражат; тәрбиеленушiлердiң оқу-өндiрiстiк шеберханалардағы, қосалқы шаруашылықтардағы, кәсiпорындар мен басқа да ұйымдардағы жұмысы үшiн алынатын қаражат; мектептер мен мектеп-интернаттарының оқушылардың тамақтануы үшiн ата-аналардан алатын қаражаты; мемлекеттік білім беру мекемелерiнiң қарамағындағы асханалар ұсынған тамақтану үшiн оқушылардан түсетiн төлем; оқушылардың жұмысы үшiн мемлекеттік білім беру мекемелерi кәсiпорындардан алатын қаражат; мектеп жанындағы күндiзгi лагерьлерде балалардың болғаны үшiн ата-аналардан мектептер алатын қаражат" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі