Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi № 1441 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1437 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 159 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мемлекеттік білім мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдердi пайдалануының тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi № 1441 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 48, 443-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдердi пайдалануының тәртібіндегi:
3-тармақтың 1) тармақшасы «үйлерi» деген сөзден кейiн «дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi қалпына келтiрудi және әлеуметтiк бейiмдеудi жүзеге асыратын білім мекемелерi» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі