бiрiншi дәрежеде өзiнiң мiнез-құлқын бақылау қабiлеттiлiгiнiң бәсең көрiнетiн шектелуiне әкелiп соққан ауру, жарақат немесе кемiстiк салдарынан туындаған денсаулықтың тұрақты бәсең бұзылуы немесе ағза функцияларының бәсең көрiнетiн бұзылуы өлшем болып табылады.
9-тарау. Қайта куәландыру мерзiмi көрсетiлмей үшiншi
топтағы мүгедектiлiк белгiленетiн анатомиялық
кемiстiктердiң тiзбесi
41. Қолдың кемiстiктерi мен ақаулары:
1) саусақтардың болмауы және қолдың жоғарырақ жерiнен келте болуының мейлiнше жоғары деңгейі;
2) бұлшық еттiң тартылуы (буынның 10 градусқа дейiн мөлшерде қозғалуы) немесе шынтақ буынының қолайсыз бiтуi (кемiнде 60 немесе 150 градустан астам) немесе бiлектiң алақанға төмен қаратылып немесе жоғары қаратылып бiтуi;
3) кескеннен кейiн иықтан төмен немесе шынтақтан төмен бiтпей қалған буын;
4) егер операция жақпағанда, иықтың немесе бiлектiң екi сүйегiнiң жалған буыны;
5) бiрiншi саусақты қоспағанда, төрт саусақтың барлық буындарының болмауы;
6) бiрiншi саусақты қосқанда, үш саусақтың барлық буындарының болмауы;
7) бiрiншi саусақты қоспағанда, төрт саусақтың немесе бiрiншi саусақты қосқанда, үш саусақтың айқын көрiнетiн орны шорбуын болып қозғалмай қалуы немесе сәл-пәл (қозғалтудың 5-8 градусқа шектелуi) қимылдайтындай болып қолайсыз бiтуi;
8) бiрiншi және екiншi саусақтардың алақан сүйектерiмен қоса болмауы;
9) екi алақанның да бiрiншi саусақтарының болмауы.
42. Аяқтың кемiстiктерi мен ақаулары:
1) саннан төмен немесе тiзеден төмен келте болуы;
2) Шопар буыны деңгейiнде, Пироговтың әдiсi бойынша кескенде табанның келте болып қалуы;
3) Шарп әдiсi бойынша екi жақтағы табан сүйектерiнiң басын кесiп тастағаннан келте болып қалуы;
4) сирақтың табаны қисық бiтiп, буынның тартылуы немесе екi сирақтың да буындарының қозғалмай қатып қалуы;
5) жедел емделуге жатпайтын, санның немесе балтырдың екi сүйегiнiң де бiтпей қалған жалған буыны;
6) кескеннен кейiн жамбас пен санның бiтпей қалған жансыз буыны;
7) аяқтың 10 сантиметрге және одан да жоғары қысқа болуы;
8) жамбас пен сан буындарының тез шор болуы немесе функциональдық қолайсыз бітуі (170 градустан астам немесе кемiнде 150 градус);
9) жамбас пен санның кейiннен болған шығуы.
43. Iшкi органдар функциясының бұзылуы айқын көрiнетiн 4-дәрежедегi кифосколиоз.
44. Саусақтың немесе қолдың жансыздануы, аяқтың жансыздануы, қолдың бүкiл жоғарғы жағынан салдануы және аяқтың бүкiл төменгі жағынан едәуiр трофикалық бұзылуы.
45. Салған протез тамақты шайнауды қамтамасыз етпейтiн, жақ сүйектерiнiң және қатты таңдайдың кемiстiктерi.
46. Гипофизарлы нанизм (ергежейлiлiк ауруы), остеохондропатия (сүйектiң қабынуы), ергежейлiлік бар остеохондродистрофия.
47. Керең және мылқау, жасынан елi құлағынан бiрдей керең болуы.
48. Көмейдiң болмауы салдарынан үнемi түтiк арқылы демалу.
10-тарау 16 жасқа дейiнгі бала мүгедек болып табылатын
медициналық айқындамалар
49. 6 айдан 2 жылға дейiн мүгедектiктi белгiлеуге құқық беретiн функционалдық өзгерістер мен патологиялық күйi:
1) бастың сүйегi мен мидың зақымдануы, нейроинфекциядан кейiнгi айқын білінетiн қозғалу, психикалық, сөйлеу қабiлеттiлiктерiнiң бұзылуы;
2) операциядан кейiнгi кезеңде ұзақ мерзiмдi қалпына келтiру және оңалту терапиясын қажет ететiн күйi;
3) бүйрек функциясының айқын білінетiн тұрақты бұзылуы, бүйрек тiніндегі патологиялық процес белсендiлiгiнiң жоғарғы дәрежесi;
4) ұзақтығы 2 айдан асатын гемморрагиялық васкулит кезiнде пайда болатын патологиялық жағдай;
5) асқазанның, аш iшектiң жара ауруының асқынғандығы;
6) процестiң 3 айдан асатын жоғары белсендiлiктегi дәнекер болатын тiннiң диффуздық бұзылуынан туындаған патологиялық күйi;
7) терапиялық түзеудi қажет ететiн өмiршеңдiк көрсеткiштер бойынша (зат алмасу, иммундық, қан тамырларының зақымдануы, қан формуласының өзгеруi және т.б.) 3 айдан асатын мерзiмге тағайындалатын әсерi күштi препараттарды ұзақ уақыт қолданудан туындаған патологиялық жағдай;
8) коагулопатия және тромбоцитопатия кезеңiндегі жатырдан дисфункциялық қан ағуы.
50. 2 жылдан 5 жылға дейiн мүгедектiктi белгiлеуге құқық беретiн функционалдық өзгерістер мен патологиялық күйлер.
2 жыл мерзiмге дейiн мүгедектiк белгiленетiн
медициналық айқындамалар:
1) сөйлеу, көру, есту қабiлеттiлiктерiмен ұштасатын және оларсыз болатын қозғалу қабiлеттiлiгiнiң (аяқ-қолдарының шала сал болуы, генерализацияланған гиперкинездер, координацияның бұзылуы және т.б.) қозғалудың шамалы білінетiн тұрақты бұзылуы;
2) сөйлеу қабiлеттiлiгiнiң тұрақты бұзылуы (алалия афазия, өтеуге келмейтiн түрi) дизартрия мен кекештенудiң ауыр дәрежесi;
3) жұлынның зақымдануынан туындайтын жамбас қуысы органдары функцияларының айқын білінетiн бұзылуы;
4) тұрақты терапиялық резистенттi эпилептиформалық жағдай (айына 1 және одан да көп ұстамасы болатын) немесе жиi немесе құрысып-тырысусыз болатын ұстамалар (аптасына 2-3 рет);
5) ұзақтығы 6 айға және одан да ұзаққа созылатын созылмалы психотикалық жағдай;
6) есту, көру, сөйлеу қабiлеттiлiктерiнiң, жүрiп-тұру аппаратының, басқа органдар мен жүйелер функциясының бұзылуымен және мiнез-құлқының патологиялық түрiмен қоса болатын дебилдiк дәрежедегi ақыл-ойдың кемiстiгi;
7) тұрақты әлеуметтiк дезадаптацияға соқтыратын мiнез-құлқының патологиясы, эмоционалдық-еркiндiк аясының бұзылуы;
8) көбiрек көретiн көздiң көру қабiлеттiлiгiнiң 0,2 дейiн (түзетумен) тұрақты төмендеп кетуi және көбiрек көретiн көздің көру аумағы белгiленген бiр нүктеден барлық бағыттарда 25 градусқа дейiн тарылуы;
9) есту функциясының мүлдем болмауы (кереңдiгi 3-4 дәрежеде);
10) тамақ пен кеңiрдектiң туа бiткен немесе пайда болған ауруына байланысты трахеотомиялық түтiкшесiз өз еркiмен дем ала алмауы;
11) бронхиалдық астманың асқынған түрi;
12) iшек-қарын жолы, бауырдың және/немесе өт шығу жолдары дамуындағы ауру мен кеселдерге байланысты тамақ қорыту функциясының және/немесе бауыр функциясының айқын білінетiн тұрақты бұзылуы;
13) 2-3 дәрежедегi және одан да жоғары iркiлген жүрек жетiспеушiлiгi немесе айқын білінетiн асқынған гипоксемия, жүректiң соғу ырғағының бұзылуымен байланысты, соның iшiнде кардиостимуляторды имплантация жасалғаннан кейiнгi синкопалдық жағдай;
14) физикалық белсендiлiктiң кенет шектелуiне және әлеуметтiк дезадаптацияға әкелетiн терi қабығының және/немесе шырықты қабығының көлемдi зақымдануы (изъязвлениялар, эритродермия, айқын білінетiн қышу, тыртық өзгерістерi, папилломатоз және басқасы);
15) туа бiткен және тұқым қуалаған қан ауруларына байланысты жылына бiр реттен артық гемоглобиннiң 100 г/л төмендеп кетуiнен болатын анемиялық криздер;
16) функцияның айқын білінетiн бұзылуы және/немесе қатерсiз iсiктiң пайда болу нәтижесiнде болған косметикалық кемiстiк.
5 жыл мерзiмге дейiн мүгедектiк белгiленетiн
медициналық айқындамалар.
1) диагноздың анықталған кезiнен бастап тоқтатқанға дейiн арнаулы диета сақтауды талап ететiн заттар алмасуының туа бiткен немесе тұқым қуалаған аурулары (фенилкетонурия, целиакция және басқасы);
2) тiршiлiк етудiң iшiнара бұзылуына және әлеуметтiк дезадаптацияға әкелетiн туа бiткен немесе тұқым қуалаған аурулар мен синдромдар;
3) асқынған лейкоз, лимфогрануломотоз;
4) сатысына қарамастан iсiктiң өсу процесi, түрлi локализациялы хирургиялық немесе емдеудiң басқа түрiнен кейiн пайда болған қатерлi iсiктер;
5) операция жасалған гидроцефалия;
6) сүйек тiнiнiң айқын бiлінетiн көлемдi деструкциялары (остеопороз, шемiршек қосындылары), сүйек пен бұлшық еттiң қисаюына, қайталама патологиялық сынықтарға, 2-3 дәрежедегi функционалдық жетiспеушiлiкке соқтыратын бұлшық еттердiң патологиялық өзгерістерi (миофиброз, диффузды кальциноз);
7) омыртқасы мен төс қуысының, бiр немесе бiрнеше аяқ-қол буындарының тартылып бiтуi мен шор болып бiтуi, iрi сүйектерiнiң жалған буындарының 3-4 дәрежедегі деформациясы нәтижесiнде жүрiп-тұру функциясының бұзылуы;
8) аяқ-қолдың туа бiткен кемiстiгi немесе оның сегментi, мутиляциясы, тартылып бiтуi, синдактилиясы, артропатиясы және басқасына байланысты аяқ-қол функциясының бұзылуы;
9) туа бiткен бет органдарының толық немесе iшiнара аплазиясы, бет скелетiнiң және жұмсақ тiнiнiң кемiстiгiне немесе қисаюына байланысты дем алу, шайнау, жұтыну, сөйлеу функцияларының бұзылуы;
10) сiдiк пен үлкен дәреттiң тұрақты тоқтамауы, хирургиялық түзеуге келмейтiн немесе мерзiмi бойынша хирургиялық емдеуге жатпайтын iшек, қуық және қуық-жыныстық терең жаралар.
51. 16 жасқа толғанға дейiнгi мерзiмге мүгедектiк белгiленетiн патологиялық күйлер:
1) айқын білінетiн тұрақты сал болуы немесе аяқ-қолдың бiрiнiң немесе бiрнешеуiнiң терең сал болуы, тұрақты генерализацияланған гиперкинездер (қос атетоз, хореатетоз түріндегі), координацияның айқын білінетiн бұзылуы;
2) 2 жыл бойы және одан да көп болатын тұрақты терапевтикалық резистенттiк құрысып-тырысуы;
3) идиотия немесе имбецилдық дәрежеге сәйкес болатын әр түрлi генездегi олигофрения немесе ақыл-ойдың кемiстiгi;
4) көбiрек көретiн көздiң көру қабiлетiнiң 0,2 дейiн (түзетумен) төмендеп кетуi және көбiрек көретiн көздiң көру аумағы белгiленген нүктеден барлық бағыттарда 25 градусқа дейiн тарылуы, бiр көздiң болмауы немесе соқыр болуы;
5) кереңдiк;
6) туа бiткен немесе тұқым қуалаған (муковисцидоз, асқынудағы альвеолиттер немесе өкпенiң дессиминирланған аурулары) сипаттағы өкпе-тыныс жүйесiнiң зақымдалуы;
7) пайда болған немесе туа бiткен сипаттағы өкпе-тыныстың асқынған ауруы, демiкпе бойынша 2 және жоғары дәрежедегi тыныстың тұрақты жетiспеушiлiгi;
8) жүректiң инкурабельдiк ауруы бойынша 2-3 дәрежедегi жүректiң iркiлген жетiспеушiлiгi;
9) туа бiткен, тұқым қуалаған, пайда болған аурулар бойынша бауыр функцияларының айқын білінетiн, қайтаруға келмейтiн тұрақты бұзылуы;
10) асқынған бүйрек жетiспеушiлiгi, қатерлi гипертония, қантты емес бүйрек диабетi;
11) инкурабельдiк қатерлi iсiктер;
12) орган функцияларының бұзылуына байланысты хирургиялық емдеуге жатпайтын қатерсiз iсiктер;
13) емдеуге келмейтiн сiдiк пен үлкен дәреттiң тұрақты тоқтамауы, үлкен дәреттiк және сiдiк-жыныстық терең жаралар;
14) маңызды органдардың болмауы немесе жетiлiп дамымауына байланысты пайда болатын, функциялардың тұрақты бұзылуына соқтыратын патологиялық жағдай;
15) аяқ-қолдың бiрiнiң және бiрнешеуiнiң дәрежесiне қарамастан келте болуы;
16) шор болып бiтуiне, қолайсыз бiтуiне, патологиялық сынықтарға, скелеттiң деформациясына, жүрiп-тұру аппаратының даму кеселдерiне әкелетiн, өз еркiмен жүрiп, қозғалу және өз өзiне қызмет көрсету мүмкiндiгінен айрылуы бойынша скелеттiң жүйелi зақымдануы;
17) iшкi секреция функциясының жетiспеушiлiгi, қант диабетi (инсулинге тәуелдi түрi), қантты емес диабет (питуитрин-резистенттi түрi), Иценго-Кушинга ауруы, бүйрек үстi безiнiң жетiспеушiлiгi (Аддисон ауруы, тоталды адреналэктомиядан кейiнгi жағдай, бүйрек үстi безi қабыршығының туа бiткен дисфункциясы), гипофизарлы нанизм, туа бiткен және пайда болған гипотиреоздың, гипопаратиреоздың ауыр түрi, 4-дәрежедегi май басу;
18) асқынған лейкоз, гистиоцитоз;
19) қан ұюының туа бiткен немесе пайда болған гипо-аппастикалық жағдайы (гемоглобин 100 г/л төмен, тромбоциттер 1 куб. мм. 100 мыңнан төмен, лейкоциттер 1 куб. мм. 4 мыңнан төмен);
20) коагулопатия мен тромбопатияның ауыр түрлерi, ауыр геморрогиялық криздарды үздiксiз тудырып отыратын асқынған тромбоцитопеникалық пурпура (тромбоциттер саны 1 куб. мм. 50 мыңнан төмен);
21) туа бiткен иммунодефициттық жағдай. Ауыр аралас иммундық жетiспеушiлiк, агамма-(гипогаммаглобулинемия), лимфа байланыстарының, өкпенiң, бауырдың, басқа да органдардың бактериямен зақымдалуын тудыратын септикалық гранулематоз;
22) қан сывороткасындағы Е иммуноглобулиннiң 1000 КЕД/л артық концентрациясымен терiнiң астындағы клетчаткалардың, өкпенiң, бауырдың және басқа да органдардың көбiнесе "салқын" абцестерiн тудыратын Е гипериммуноглобулинемия синдромы;
23) пайда болған иммунодефицит жағдайы, ВИЧ инфекциясының айқын керiнiсi.
11-тарау. Мүгедектердi жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету үшiн берiлетiн дәрiгерлiк айқындамалардың тiзбесi
52. Бөлмеде жүрiп-тұратын кресло-арба:
1) созылмалы қан айналымы ауруының үшiншi дәрежесi;
2) өкпе-жүрек ауруының үшiншi дәрежесi;
3) гемиплегия, гемипарездiң айқындалған түрi;
4) параплегия, төменгi парапарездiң айқындалған түрi;
5) триплегия, трипарездiң айқындалған түрi;
6) тетраплегия, тетрапарездiң айқындалған түрi;
7) аса айқындалған атаксия, гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
8) екi балтырдан немесе одан да жоғарырақ жерден келте болу.
53. Серуендеуге арналған кресло-арба:
1) гемиплегия, гемипарездiң айқындалған түрi;
2) параплегия, төменгi парапарездiң айқындалған түрi;
3) триплегия, трипарездiң айқындалған түрi;
4) тетраплегия, айқындалған тетрапарез;
5) екi балтырдан немесе одан да жоғары келте болу.
54. Мүгедектерге арналған арнаулы автокөлiк:
1) өкпе-жүрек ауруының екiншi сатысы;
2) бiр аяқтың сал болуы немесе шала сал болуы;
3) параплегия, аяқ парапарезiнiң айқындалған түрi;
4) гемиплегия, гемипарездiң айқындалған түрi;
5) аяқ қанының қоюлануы, созылмалы күре тамыры ауруының екiншi және одан да жоғары жетiспеушiлiгiнiң сатысы;
6) екi аяқ тамырларының созылмалы қан тамырлары ауруы, жетiспеушiлiгінiң 2-3 сатысы;
7) бiр аяқтың немесе екi бiрдей аяқтың кемiнде екi iрi буынының бiрнеше түйiн боп қозғалмай шор болып немесе қолайсыз бiтуi;
8) Шарп әдiсi бойынша екi табанның бiрдей келтелiгi (табан сүйектерiнiң басын кесiп тастау) және аяқтың жоғарырақ жерiнен келте болуы;
9) балтырдан келте болуы және аяқтың мейлiнше жоғары келте болуы;
10) жамбас пен сан буынының кейiннен болған шығуы;
11) жамбас пен санның немесе тiзенiң жансыз боп қалған буындары;
12) жамбас пен сан буынының айқын керiнетiн шор болып бiтуi немесе қолайсыз бiтуi (қозғалу көлемi 10 градустан кем);
13) тiзе буынының 150 градустан кем және 170 градустан артық айқын көрiнетiн функциональды қолайсыз жағдайда шор болып бiтуі;
14) екi аяқтың да сирақ буындарының айқын көрiнетiн шор болып қатып қалуы немесе, сiңiр етiнiң тартылуы;
15) екi сан немесе балтыр сүйектерiнiң дұрыс бiтпеген сынықтары немесе олардың төменгi бұрышынан 170 градусқа кем қожырлануы;
16) екi аяқтың да сүйегiнiң iрiңдеп ағымдағы созылмалы ауруы және терең жара болуы, сүйектiң қабынып шiруi (екi жылдан астам);
17) жалған буын немесе iрi сүйегiнiң кемiстігi, балтырдың екi бiрдей сүйегiнiң кемiстiгi (сүйектiң көлденең немесе шет жағынан бастап жартысынан астам бүлiнуi) немесе жіліншiк орнынан 170 градусқа кем төменгi бұрышынан қозғалып қолайсыз бiтуі;
18) бiр аяқтың 10 сантиметрге және одан да көп қысқа болуы;
19) жарақаттанудың салдарынан және жиi қайталанатын ұзақ уақыт бойы жазылмайтын жара (6 айдан астам) немесе балтырдағы 20 шаршы сантиметр және одан да кеп, табанда 2 шаршы сантиметр, табанның үстiңгі жағында 10 шаршы сантиметр және одан да көн көлемдi трофикалық жаралар;
20) омыртқа функцияларының қатты, айқындала өзгерiп қисаюының 4-сатысы.
12-тарау. Медициналық-әлеуметтiк сарапшылық
комиссияларының қорытындыларына шағым жасау тәртібі
55. Адамның, баланың ата-анасы (қамқоршысы) МӘСК-нiң сараптама шешiмiмен келiспейтiн жағдайларда бiр ай мерзiмде жоғары МӘСК-ге немесе тиiстi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органына жазбаша берiлген өтiнiш негiзiнде шағым жасай алады.
56. Жоғары МӘСК өтiнiш келiп түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзедi және алынған нәтижелер негізiнде қорытынды шығарады.
57. Жоғары МӘСК қорытындысына азамат немесе оның заңды өкiлi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталық атқарушы органына, сотқа шағым жасай алады.