жоғарғы жиегi сопақша келген көмкерiлмеген дала погондары, погондардың үстiңгi бетi - камуфляж түстi тоқыма мата, погондардағы жұлдыздар ашық қоңыр түстес.
Кiшi басшы құрамның погондарында диаметрi 13 мм жұлдыздар болады. Погондардың жоғарғы бөлiгiнде диаметрi 14 мм нысанды түйме қадалады.
29. Погондардағы жұлдыздар былай орналасады:
кеден қызметiнiң прапорщигi - 2 жұлдыз;
кеден қызметiнiң аға прапорщигi - 3 жұлдыз.
30. Курсанттардың погондары:
бiркиер киiмге тағатын жоғарғы жиегi сопақша келген, көгiлдiр түспен көмкерілген погондар, погондардың үстiңгi бетi - күмiс түстi ұлттық өрнекпен өрнектелген алтын түстi тоқыма мата, төменгi бөлiгiнде «К» әрпi бар;
жейдеге тағатын жоғарғы жиегi сопақша келген, көгілдiр түспен көмкерiлген погондар, погондардың үстiңгi бетi - алтын түстi ұлттық өрнекпен өрнектелген ақ түстi тоқыма мата, төменгi бөлiгiнде «К» әрпi бар;
жоғарғы жиегi сопақша келген, көгiлдiр түспен көмкерiлген күнделiктi погондар, погондардың үстiңгi бетi - алтын түстi ұлттық өрнекпен өрнектелген көкшiл түстi тоқыма мата, төменгi бөлiгiнде «К» әрпi бар;
жоғарғы жиегi сопақша келген, көмкерiлмеген далалық погондар, погондар камуфляж түстi тоқыма матадан жасалады.
V тарау
Айырым белгілерi
31. Погондары бар нысанды киiм кию құқығы берiлмейтiн лауазымды адамдардың арнайы атақтары бойынша айырым белгiлерi жағаға және шевронға тағылатын бұрыштамалар болып табылады.
32. Жағаға тағылатын бұрыштамалар аға басшы құрамға қатысты екенiн айқындайды. Шевронға тағатын бұрыштамалардың саны аға және орта басшы құрамдардың арнайы атағына сәйкес келедi.
33. Кiшi басшы құрам үшiн арнайы атақтар бойынша айырым белгiлерi шевронға тағатын жолақтар болып табылады.
VI тарау
Жеңге тағатын белгiлер, кокардалар, эмблемалар, бейдж-белгілер,
бас киiмдер мен киiмдердегi тiгіндiлер
34. Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамдарының жеңге тағатын белгiлерi басшы құрамға және «Барыс» ерекше әрекет тобына қатыстылығын айқындауға арналған.
35. Жеңге тағатын белгiлер өзара жасалған бейнелердiң мазмұнымен,
мәтiндiк жазбалармен және түр-түс үйлесiмдерiмен өзгешеленетiн матаға
тiгiлген шеврондар болып табылады.
36. Сондай-ақ кокардалар, эмблемалар, бейдж-белгілер, бас киiмдер мен киiмдердегi тiгiндiлер де ерекшелiк белгiлерi болып табылады.