Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң кейбір
мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 11 тамыздағы № 1235 қаулысы
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кiрiс министрлiгінiң Алкогольдi өнiмдердi өндiру мен олардың айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Акцизделетiн өнiмдердi өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi болып қайта аталсын.
2.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.09. № 214 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі бiр айлық мерзiмде бұрын қабылданған кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн, сондай-ақ көрсетiлген қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі