Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 1157 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 367 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 541-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының:
экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты-импорты және транзиті мәселелері жөніндегі кіші комиссиясының құрамына:
Шайманов Болат Елтайұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік
комитеті төрағасының орынбасары (келісім
бойынша);
енгізілсін;
"Ыбыраев Талғат Рысбекұлы - "Қазарнаулыэкспорт" РМК-ның бас директоры, экспорттық бақылауға жататын өнімнің эскпорты-импорты және транзиті мәселелері жөніндегі кіші комиссиясының хатшысы" деген жол алынып тасталсын;
экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі кіші комиссиясының құрамына:
Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика,
индустрия және сауда вице-министрі,
төраға болып енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Нұрбеков Қосбасар Болатбекұлы, Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі