Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы №
1037 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1133 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
мәтіндегі "Денсаулықминi", "Экобиоресурстарминi" деген сөздер тиiсiнше "Денсаулықагенттiгi", "Табиғатқорғауминi" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi жол мынадай редакцияда жазылсын: "Есiрткi құралдары, Қазақстан Нашақорлыққа және психотроптық заттар Республикасының есiрткi бизнесiне қарсы Үкіметі айқындаған күрес жөніндегі агенттiк, тiзбе бойынша Денсаулықагенттiгi";
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Прекурсорлар Қазақстан Нашақорлыққа және Республикасының есiрткi бизнесiне қарсы Үкіметі айқындаған күрес жөніндегі агенттiк, тiзбе бойынша Денсаулықагенттiгi, Табиғатқорғауминi; Улар Қазақстан Денсаулықагенттігі, Республикасының Табиғатқорғаумині"; Үкіметі айқындаған тiзбе бойынша
2) көрсетiлген қаулыға 5-қосымшада:
мәтіндегі "Денсаулықминi", "Экобиоресурстарминi" деген сөздер тиiсiнше "Денсаулықагенттiгi", "Табиғатқорғауминi" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi жол мынадай редакцияда жазылсын: "Есiрткi құралдары, Қазақстан Нашақорлыққа және психотроптық Республикасының есiрткi бизнесiне қарсы заттар Үкіметі айқындаған күрес жөніндегі агенттiк, тiзбе бойынша Денсаулықагенттiгi";
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Прекурсорлар Қазақстан Нашақорлыққа және Республикасының есiрткi бизнесiне қарсы Үкіметі айқындаған күрес жөніндегі агенттiк, тiзбе бойынша Денсаулықагенттiгi, Табиғаткорғауминi; Улар Қазақстан Денсаулықагенттiгi, Республикасының Табиғатқорғауминi". Yкіметі айқындаған тiзбе бойынша
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі