"Жас өркен" ашық акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегі № 1110 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңы мен "Мемлекеттік мүлiктi жекешелендiрудiң және басқарудың тиiмдiлiгін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 1 маусымдағы № 683 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен "Жас өркен" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "Жас өркен" ААҚ) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) "Жас өркен" ААҚ-ның жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) "Ұлан", "Ақ желкен", "Балдырған" және "Дружные ребята" балалар мерзiмдi баспасөз басылымдарының мүлкiн "Жас өркен" ААҚ-ның жарғылық капиталына беру қарастырылсын;
3) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген, Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-6-жолмен толықтырылсын:
"123-6 "Жас өркен" ААҚ";
2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Бұқаралық ақпарат құралдарының ұйымдары" бөлiмiнде:
реттiк нөмiрлерi 31, 35, 37, 38-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 45-1-жолмен толықтырылсын:
"45-1. "Жас өркен" ашық акционерлік қоғамы";
3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-1-жолмен толықтырылсын:
" 224-1 "Жас өркен" ААҚ".
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Рреспубликасының
Премьер-Министрі