Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің
штат саны лимитін көбейту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 18 шілде № 1085
ҚР Үкіметінің 09.02.01 ж. № 214 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің штат саны лимитін 3 бірлікке қысқарту есебінен, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің штат санының лимиті 3 бірлікке көбейтілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне қысқартылатын штат санына сәйкес көлемде қаражат беруді қамтамасыз етсін.
3. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1433 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 3-жолдағы, 3-бағандағы "863" саны "860" санымен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 21-жолдағы, 3-бағандағы "52" саны "55" санымен ауыстырылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі