Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі № 431 және 1999
жылғы 26 тамыздағы № 1251 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 10 шілдедегі № 1040 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында темекі бұйымдарын өндірушілерге бірдей жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі № 431 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 130-құжат):
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Отандық темекі бұйымдары (фильтрсіз сигареттер мен папиростарды қоспағанда)";
2) "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым таңбаларымен таңбалау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 386-құжат;):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым таңбаларымен таңбалау туралы ережеде:
2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"темекі бұйымдары (отандық өндірістің темекі бұйымдары: фильтрсіз сигареттер мен папиростарды қоспағанда)".
2. Осы қаулы 2000 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |