Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының халықаралық автомобиль жолдары туралы
хаттаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24
маусымдағы № 935 қаулысы
Бұдан әрі өзара тиімді халықаралық ынтымақтастықты жалғастыру және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының халықаралық автомобиль жолдары желісін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1998 жылғы 11 қыркүйекте Мәскеу қаласында жасалған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының халықаралық автомобиль жолдары туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Қ. Тоқаев |