Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің
мемлекеттік тізілімін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
2000 жылғы 30 маусым № 991
Қазақстан Республикасының 2002 ж. № 579 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.23. № 992 қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.23. № 992 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Қазақстан Республикасында салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін құрсын.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.23. № 992 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі 2001 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде мынадай мемлекеттік органдармен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен;
2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен;
3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен;
4) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен;
5) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен;
6) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен;
7) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен;
8) Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігімен;
9) Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігімен;
10) Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу үшін ақпарат алмасудың хаттама-регламенттерін әзірлесін және бекітсін.
Хаттама-регламенттер жоғарыда аталған Ереженің 2-тармағында көрсетілген өзге де мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, 2001 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімде бекітілсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.07.23. № 992 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2000 жылғы 30 маусымдағы
№ 991 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің және салық салу
объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі
Ескерту. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.23. № 992
қаулысымен.
1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнің "1999-2000 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 7 желтоқсандағы № 4157 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргiзу тәртібін (бұдан әрi - салық төлеушiлердiң тiзiлiмi деп аталады) белгiлейдi.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.23. № 992
қаулысымен.
2. Салық төлеушiлердің тiзiлiмi өзi салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi мен уақтылы төленуiн бақылау сондай-ақ салық салынатын базаны айқындау мақсатында ҚР МКМ-не және мынадай:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi, қайта тiркеудi, таратуды жүзеге асыратын;
2) заңды тұлғаларды шаруашылық қызметiнің субъектiлерi ретiнде тiркейтiн статистика органдарын;
3) салық салу объектілерiн есепке алуды және/немесе тiркеудi жүзеге асыратын;
4) көлiк құралдарын есепке алуды және/немесе тiркеудi жүзеге асыратын;
5) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға жататын өз қызметiн жүзеге асыру үшiн лицензиялар, куәлiктер және өзге де осындай құжаттар беретiн (лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензия беруге уәкілеттiк берiлген мемлекеттік органдар (лицензиарлар);
6) Қазақстан Республикасында олардың тұрғылықты жерi бойынша жеке тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын;
7) Қазақстан Республикасында жеке адамдардың тууын және қайтыс болғанын тiркеудi жүзеге асыратын аумақтық салық комитеттерiнен және мемлекеттік органдардан (бұдан әрi - ақпарат берушілер) келiп түсетiн ақпарат негізiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгі жүргiзетiн (бұдан әрi - ҚР МКМ) салық төлеушілердi есепке алудың мемлекеттік дерекқор жүйесi болып табылады.
3. Салық төлеушiлердiң тiзiлiмiн енгізу осы Ережеге сәйкес берiлген мәлiметтердi оған енгізудi, есепке алу объектiлерi туралы деректер өзгерген кезде оларды жаңартуды, Қазақстан Республикасының заң нысанында көзделген жағдайларда салық есебiнен шығарылған салық төлеушiлер туралы мәлiметтердi салық төлеушiлердiң тiзiлiмiнен шығарып тастауды бiлдiредi. Бұл ретте, салық төлеушiлердiң тiзiлiмiнен шығарылған мәлiметтер мұрағатта сақталады.
4. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнен басқа (СТН) салық төлеушiлердің тiзiлiмiнде бар мәлiметтер қызмет бабында пайдаланылатын ақпаратқа қатысты есепке қою себептерi және салық органдарының кодтары ҚР МКМ белгiлеген тәртiпте сақтауға және беруге жатады.
5. Салық төлеушiлердiң тiзiлiмiн жүргiзу кезінде ұғымдардың бiркелкi болуын қамтамасыз ету мақсатында ресми кодтық белгiлеу пайдаланылады. Осы мақсат үшiн қолданылып жүрген жалпы ведомстволық жiктемелер және анықтамалықтар қолданылады. Өзге де жiктемелер мен анықтамалықтардың бекітілуiне және қолданылуға енгізiлуiне қарай, сондай-ақ осы ереженiң 2-тармағында көрсетiлген салық органдарының өзара және басқа да органдармен iс-қимыл жасауы нәтижесiнде кез-келген мәтiндiк ақпарат, оның iшiнде мекен-жайлық оның кодтық белгiлеуiне ауыстырылуы тиiс.
6. Салық төлеушiлердiң тiзiлiмi дерекқорының көрсеткiштер құрамы мынадай бөлiмдерден тұрады:
1) заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi;
2) заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резидент еместерi, сондай-ақ шетелдiк тұлғаның тұрақты мекемелерi;
3) жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi және резидент еместерi;
4) жеке балансы және банк шоттары бар филиалдар, өкiлдiктер, оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер.
7. Салық төлеушiлердiң тiзiлiмiн жүргізу кезiнде ақпаратты жеткiзушілермен ақпаратты алмасудағы келісімдер хаттамасы мыналардан тұрады:
1) хаттамаларды және деректердi алмасу регламентiн келiсу;
2) әр тараптан берiлетiн есепке алу деректерiнiң реквизиттерi тiзбесiн келісу;
3) өзара алмасуға жататын деректемелер бойынша берiлетiн деректер форматын, анықтамалықты және жiктемелердi келiсу;
4) салық төлеушiлердiң тiзiлiмiне мамандандырылған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерден ведомстволық массивтер (файлдар) деректерiн беру;
5) салыстыра тексеру белгiлерiмен мамандандырылған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерiне салық төлеушiлердiң тiзiлiмiнен жауапты ведомстволық массивтер (файлдар) деректерiн беру.
8. ҚР МКМ мыналарды қамтамасыз етедi:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық төлеушiлер тiзiлiмiн жүргізу жөнiндегі жұмысты ұйымдастыруды;
2) ақпаратты өңдеуді ұйымдастыру.
9. Салық төлеушiлер тiзiлiмiнде бар мәлiметтердi алуға ҚР МКМ бекiткен тiзбе бойынша лауазымды тұлғаларға рұқсат етiледi.
Салық төлеушілердің тізіліміндегі деректерді лауазымды тұлғалардың салық төлеушілердің мүдделеріне зиян тигізіп, пайдалануы Қазақстан Республикасының заң кесімдерінде көзделген жауапкершілікке тартқызады.
10. Осы Ережеге сәйкес ҚР МКМ салық төлеушілердің тізілімін жүргізу мәселелері бойынша нұсқаулықтарды және әдістемелік нұсқауларды әзірлейді және бекітеді.