Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 220
және 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулыларына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 3 шілдедегі № 1007 қаулысы
(ҚР Үкіментінің 24.04.02 ж. № 470
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 220 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарындағы:
реттік нөмірлері 30 және 31-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 35-1 және 35-2-жолдармен толықтырылсын:
"35-1 "Халықтың көші- Көші-қон маусым шілде тамыз
қоны туралы" агенттігі,
Қазақстан Еңбекмині
Республикасының СІМ, ІІМ
Заңына өзгеріс-
тер мен толық-
тырулар енгізу
туралы
35-2 Босқындар Көші-қон маусым шілде тамыз
туралы агенттігі,
Еңбекмині,
СІМ, ІІМ, ҰҚК
(келісім бойынша)";
ҚР Үкіментінің 24.04.02 ж. № 470 қаулысымен 2-тармақшаның күші жойылды
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 13-14, 140-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралары жоспарындағы:
4.5 Демография және көші-қон бөлімінің 4.5.2 Халықтың сыртқы көші-қонын реттеу кіші бөлімінің реттік нөмірлері 4.5.2.1 және 4.5.2.2 жолдарындағы 4-бағандағы "Мамыр" деген сөз "Шілде" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі