Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 қарашадағы N
1418 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 26 маусым
№ 947
Қазақстан Республикасының 2002 ж. 21 мамырдағы № 543 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 қарашадағы № 1418 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 47, 459-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
I, II, III, IV, V тараулар тиісінше 1, 2, 3, 4, 5 араб сандарымен белгіленсін;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесін жүргізу";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мемлекеттің шектеулі табиғи ресурсы ретінде радиожиілік спектрін пайдаланудың тиімділігін арттыру";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Радиоэлектронды құралдарды дайындау, шығару және Қазақстан
Республикасының ішкі рыногына әкелу кезінде олардың негізгі техникалық
сипаттамалары мен қойылатын өзге де талаптарды айқындау";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мыналар:
1) ақпаратты жинау мен есепке алудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру және дамыту радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі басқару процестерін автоматтандыру;
2) халықаралық регламентке сәйкес радиожиілік спектрін конверсиялауды ұйымдастыру;
3) радиожиілік белдеулерін бөлу мен пайдалануды, спутниктік жүйелер (желілер) үшін геостационарлық орбитадағы жасанды спутниктердің тұру нүктесін (учаскелерін) жоспарлау;
4) Қазақстан Республикасында дайындалатын, (моделі жасалатын), шығарылатын және шетелден сатып алынатын радиоэлектронды құралдар үшін радиожиіліктер белдеулері мен номиналдарын бөліп көрсету;
5) Қазақстан Республикасының аумағында негізгі пайдаланушылардың радиоқызметтерінің радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді";
11-тармақтағы ", сондай-ақ жалпы мақсаттағы информатика құралдарын" деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Олардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін радиоэлектронды құралдарды жиіліктік-аумақтық бөлу нормаларын қарайды";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді, жиіліктер белдеулерін қосымша (ішкі) бөлу мүмкіндігін және жаңа радиобайланыс техникасы мен технологияларын пайдалану жағдайларын қарастырады";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Қазақстан Республикасының аумағында жиіліктік-аумақтық бөлу жоспарларын қарайды";
14-тармақ 3-бөлімге енгізілсін;
15-тармақтағы:
екінші және үшінші абзацтар тиісінше 1) және 2) тармақшалармен белгіленсін;
үшінші абзацтағы "тоқтату" деген сөз "тоқтата тұру" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Радиожиіліктер жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссияны комиссияның төрағасы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі басқарады. Комиссияға төрағаның орынбасары және Қазақстан Республикасы министрліктері мен агенттіктерінің басшы қызметкерлері кіреді. Комиссияның құрамы министрліктер мен агенттіктер ұсынған кандидатуралар негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Радиожиіліктер жөніндегі комиссияның мәжілістері тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Егер мәжіліске оның мүшелерінің жартысынан кем емес бөлігі қатысса ғана, ол құқықты деп есептеледі. Комиссияның шешімдері ашық дауысқа салумен қабылданады және егер мәжіліске қатысып отырған комиссия мүшелерінің жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, олар қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Мәжілістің материалдары оның өткізілуінен он күн бұрын мерзімде комиссияның барлық мүшелеріне алдын ала жіберіледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде баяндалуы және комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссияның мәжілістерін жүргізу нәтижелері бойынша оның мәжіліске қатысқан мүшелерінің қолдары қойылған хаттама жасалады";
22-тармақта:
екінші және үшінші абзацтар тиісінше 1) және 2) тармақшалармен белгіленсін;
мынадай мазмұндағы 2-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) комиссия жұмысының перспективалық және ағымдық жоспарларын жыл сайын бекітеді".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі