Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 26 маусымдағы № 944 қаулысы (ҚР Үкіметінің 17.08.00 ж.
№ 1269; 24.04.02 ж. № 470 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 17.08.00 ж. № 1269; 24.04.02 ж. № 470 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 220 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарында:
реттік нөмірі 23-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-1-жолмен толықтырылсын:
"39-1 Субвенциялар Қаржымині тамыз тамыз қыркүйек мен
бюджеттік алулар
туралы ";
реттік нөмірі 46-жолдағы "Әзірлеуші" бағанындағы "Энергоиндустсаудамині" деген сөз "Ұлттық Банк (келісім бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2)
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарында:
3.3 Салық және бюджет саясаты бөлімінің 3.3.1 Салықтық-бюджеттік саясаттың тиімділігін арттыру және бюджет тапшылығын инфляциялық емес қаржыландыру бөлімшесінің 4-бағанындағы реттік нөмірі 3.3.1.26 "2000 ж. сәуір" деген сөздер "2000 ж. тамыз" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі