Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 19 маусымдағы № 917 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы № 604 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттеріндегі:
1 "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Жоғары аттестациялық комиссия 62".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі