Өнеркәсiптiк жарылғыш материалдар өндiру және онымен Қазақстан
Республикасының кәсiпорындарын қамтамасыз ету саласындағы
мемлекеттік реттеу мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 24 қазандағы № 1296 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 763 қаулысымен күші жойылды
1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл бағдарламасына сәйкес және өнеркәсiптiк жарылғыш материалдар өндiру және онымен Қазақстан Республикасының кәсiпорындарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқаруды сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi:
"Жарылыс" мемлекеттік компаниясының қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес мемлекеттік кәсiпорындардың мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын тоқтатсын;
оның ұйымдық-құқықтық нысандарын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру туралы мәселенi "Жарылыс" мемлекеттік компаниясы акционерлерiнiң жалпы жиналысына енгiзсiн.
2. Өнеркәсiптiк жарылғыш материалдарын өндiру және онымен Қазақстан Республикасының кәсiпорындарын қамтамасыз ету жөнiнде Республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Республикалық мемлекеттік кәсiпорын), олардың еншiлес кәсiпорындарымен қоса "Жарылыс" мемлекеттік акционерлік компаниясының және қоса берiлiп отырған тiзбеде санамаланған мемлекеттік кәсiпорындардың басқару аппараты мемлекеттік мүлкiнiң жергiлiктi жерлердегi базасында құрылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi қоса берiлiп отырған тiзбедегi 1-10 рет нөмiрлерiмен санамаланған мемлекеттік кәсiпорындарды, олардың ерекшелiктерiн ескере отырып, 1997 жылдың аяғына дейiн жекешелендiру тәртібін әзiрлесiн.
4. Республикалық мемлекеттік кәсiпорнына мынадай мiндеттердi орындау жүктелсiн:
Қазақстан Республикасының кәсiпорындарын өнеркәсiптiк жарылғыш материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекетаралық кешендi бағдарламаларды жүзеге асыру;
өнеркәсiптiк жарылғыш заттарды, оларды арнаулы кәсiпорындарда, сондай-ақ жарылғыш заттары кәсiпорындар-пайдаланушылар тұтынатын жерлерде жасау үшiн жабдықтар мен кешендер әзiрлеу, сынау және қолдану жөнiнде нормативтiк-техникалық және жобалау құжаттамасын сараптау;
жаңа өнеркәсiптiк жарылғыш заттарға зерттеу, әзiрлеу және сынақ жүргiзу;
өнеркәсiптiк жарылғыш материалдарды жасауға және тұтынуға байланысты өндiрiстердi жобалау;
өнеркәсiптiк жарылғыш заттарды жасау.
5. Республикалық мемлекеттік кәсiпорынның уәкiлеттi органы болып Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі бiр ай мерзiм iшiнде Республикалық мемлекеттік кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн, оның басшыларын тағайындап, мемлекеттік тiркеу жүргiзсiн.
7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлігінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының кәсiпорындарын өнеркәсiптiк жарылғыш материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекетаралық кешендi бағдарламаны жүзеге асыру үшiн 1996-2000 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларда қаражат көздейтiн болсын.
8. "Жарылғыш материалдар өндiрiсiн ұйымдастыру және онымен Қазақстан Республикасының кәсiпорындарын қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 қаңтардағы № 78 қаулысының 2 және 3-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 5, 43-құжат);
"Жарылыс" мемлекеттік акционерлік компаниясының президентi және Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 наурыздағы № 312 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 24 қазандағы
№ 1296 қаулысына
қосымша
"Жарылыс" мемлекеттік акционерлік компаниясы
мүлiктерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын
тоқтататын мемлекеттік кәсiпорындардың
ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________
Рет | Атауы | Орналасқан жерi
саны| |
___________________________________________________________________
Аумақтық-өндiрiстiк
басқарма:
1. "Акмолавзрывпром" Ақмола қаласы
2. "Алматывзрывпром" Алматы қаласы
3. "Востоквзрывпром" Өскемен қаласы
4. "Жезказганвзрывпром" Жезқазған қаласы
5. "Запказвзрызвпром" Ақтөбе қаласы
6. "Карагандавзрывпром" Қарағанды қаласы
7. "Көкшетаувзрывпром" Көкшетау қаласы
8. "Костанайвзрывпром" Қостанай қаласы
9. "Югвзрывпром" Шымкент қаласы
10. "Тоннельспецстрой" Алматы қаласы
11. "Бастама" шағын мемлекеттік
кәсiпорын Алматы қаласы 12. Жару жұмыстарының қазақ
мемлекеттік ғылыми-өндiрiстiк
орталығы Алматы қаласы