Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылықты жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі - ай сайын 25-інен кешіктірілмей, айына бір реттен артық емес.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнайы журналында есепке алынуға жатады, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.
3. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерге мемлекеттік метрологиялық бақылау:
1) мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген метрологиялық талаптардың іс жүзінде орындалуын айқындау үшін;
2) иеліктен шығарылатын өнімнің массасын, көлемін, шығысын немесе санын сипаттайтын басқа да шамаларды айқындаудың дұрыстығын тексеру мақсатында;
3) қаптамадағы өнім санының қаптамада белгіленген шамаға сәйкестігін тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
25-бап. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
26-бап. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
27-бап. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 28-бап өгертілді (бұр. ред. қара)
28-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Мыналар мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті орган ведомствосының басшысы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкілетті орган ведомствосы басшысының орынбасарлары;
3) мемлекеттік бақылау жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлар - уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
4) мемлекеттік бақылау жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары - уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
5) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары.
2. 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) тармақша өгертілді
1) тексеру тағайындау туралы актіні, сондай-ақ қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау үшiн белгiленген объектiлерге кедергiсiз кiруге;
2) жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер сұратуға және алуға;
3) техникалық құралдарды пайдалануға және тексерiлетiн объектiлердiң мамандарынан ақпарат алуға;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) сынақтан және түрiн бекiтуден, салыстырып тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, бекiтiлген түрге сәйкес келмейтiн өлшем құралдарын қолдануға, өткiзуге, өндiрiстен және жөндеуден шығаруға тыйым салуға;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 5) тармақша өгертілді (бұр.ред.қара)
5) егер өлшем құралдары жұмысқа жарамсыз болса олардың көрсетулерiнiң қателiгi рұқсат етiлген нормалардан асып кетсе немесе өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi бiтсе, өлшем құралдарын салыстырып тексеру таңбаларының баспа-таңбасын өшіруге немесе өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың күшiн жоюға;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-1) өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану дұрыстығына тексеру жүргізуге;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті ұсынымдар, нұсқамалар жасауға, беруге;
7) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды
28-1-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттері
Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) мемлекеттік метрологиялық бақылау жөніндегі іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын қолдану бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;
2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін сақтауға;
4) жүргізілген мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижелері негізінде анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-тарау. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
29-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
30-бап. Осы Заң нормаларының бұзылуына қатысты дауларды шешу
Осы Заң нормаларының және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттардың бұзылуына байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
7-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру
09.06.04 ж. № 558-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 31-бап өзгертілді
31-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету және мемлекеттік метрологиялық бақылау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Бюджет қаражаты есебінен:
1) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы және мүшелік жарналар төлеу;
2) Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын, мемлекеттік меншіктегі шама бірліктерінің эталондарын жасауға және күтіп-ұстауға арналған шығыстар;
3) нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге және олардың жобаларына міндетті метрологиялық сараптама жүргізуге арналған шығыстар қаржыландырылады.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы Заңда көзделген және осы баптың 1-тармағында аталмаған метрологиялық жұмыстар мен қызмет көрсетулер шарттық негiзде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасының