Негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалаудың кейбір мәселелерi
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
26 мамырдағы № 799 қаулысы
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi негiзгi құрал-жабдықтардың құнын арттырудың индекстерiн белгiлейтiн уәкiлеттi мемлекеттік орган болып белгiленсiн.
2. Қазақстап Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi жыл басындағы жағдай бойынша негiзгi құрал-жабдықтардың құнын арттырудың индекстерiн бекiтудi мүдделi мемлекеттік органдармен келісе отырып жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі