Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы №
1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы № 787 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
"Сирек, жердiң сирек металдары, өндiрiс үшiн шикiзаттар, қорытпалар, қоспалар және бұйымдар" деген жолдардағы 2-бағанда:
"282530000" деген сандардан кейiн "(ванадийдiң бестотығынан басқасы)" деген сөздермен толықтырылсын;
"8108" деген сандардан кейiн "(титан көпiршiгiнен басқасы)" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі