Денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру медициналық ұйымдарды қаржыландыру мөлшерлерiнiң бөлiнген қаражатты ұтымды және тиiмдi пайдаланған жағдайдағы олар көрсететiн қызметтердiң көлемi мен сапасына тiкелей тәуелдiлiгiн көздейдi.
Қаржыландыру жүйесi көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасы мен деңгейiне қатысы бойынша бара-бар және уақтылы болуы тиiс.
Осы мақсатта:
медициналық көмектің тегін кепiлдендiрiлген көлемi шеңберiнде дәрiгердi еркін таңдау қағидатын ескере отырып, ұсынылатын медициналық көмек көрсету үшiн есеп айырысудың бiрыңғай жүйесiн енгізу;
медициналық көмектiң тегiн кепiлдендiрiлген көлемiн көрсету жөніндегі шығындарды жоспарлау және өтеу:
алғашқы медициналық-санитарлық көмек - қор ұстау және түзету коэффициенттерiнiң (сырқаттану деңгейi, жыныстық-жастық құрылымы, географиялық жағдайы және т.б ) тетiктерiн пайдалана отырып, жан басына шаққандағы норматив бойынша. Тұрғындар саны аз селолық жерлерде нақты объект бойынша (ФАП, ФП, медициналық қызметкер);
мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек - амбулаториялық-емханалық тарификатор бойынша;
стационарлық көмек - клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылады;
медициналық қызметтің тарифтерiн белгiлеудiң әдiстерiн жетiлдiру;
медициналық қызметтер рыногында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру қажет.
Денсаулық сақтауға бөлiнген қаражатты мақсатты және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету үшiн:
қаражатты пайдалануға пәрмендi бақылауды қамтамасыз ететін денсаулық сақтауға арналған шығыстардың (штаттық нормалауды қоса алғанда) нормативiн қалыптастыру әдiстемесiн бекіту;
денсаулық сақтау ұйымдарында қаржылық қаражатты, оның iшiнде ақылы медициналық қызмет көрсету қаражатын есепке алудың қолданыстағы жүйесiнiң тиiстi сапасын қамтамасыз ету;
дәрi-дәрмектiк заттарды, медициналық мақсаттағы және медициналық техника бұйымдарын сатып алуда конкурстық жүйенi жетiлдiру, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау үшiн қаржылық лизингтi кеңiнен пайдалану қажет.
Емдеу-алдын алу ұйымдарына жеке және заңды тұлғалардың кiнәсiнен жарақат алған, уланған азаматтарға медициналық көмек көрсету кезіндегі зиянды өтеу жөніндегі шаралар заңнамада белгiленетiн болады.
Қаржыландырудың мүмкiн көздерiнiң бiрi ретiнде ескерiлетін, қосымша қаражатты (оның iшінде отандық және шетелдiк көздерден алынатын несиелер мен гранттарды) белсендi түрде тарту жөніндегі шаралар қолданылатын болады.
13. Медициналық сақтандырудың моделi туралы
Саланың қаржылық тұрақтылығын, оны қаржыландырудың көп арналылығын қамтамасыз ету шеңберiнде нығайту, денсаулық сақтаудың халыққа медициналық көмектi қазiргi заманғы деңгейде көрсету жөніндегi мүмкiндiктерiн кеңейту мақсатында мiндетті медициналық сақтандырудың (бұдан әрi - ММС) жаңа моделiн енгізу қажет.
Медициналық сақтандыру жүйесіндегі халықаралық және отандық тәжiрибелердi ескере отырып, ММС-ті енгізу жөніндегі қажетті нормативтiк-құқықтық кесiмдердi әзiрлеудi 2001 жылдың бiрiншi жартысында аяқтау көзделуде.
14. Денсаулық сақтаудың әлеуметтiк мәселелерi
Саланың тиiмдi және нәтижелi қызметi, көбiнесе медициналық қызметкердiң қоғамдағы әлеуметтiк мәртебесiне байланысты болады.
Осыған байланысты мынадай шараларды қабылдау көзделедi:
еңбекке мүдделiлiгiне, біліктiлiгiне, сапасы мен түпкі нәтиженi ескере отырып сараланған, денсаулық сақтау қызметкелерiнiң жалақысын сатылап арттыру;
Денсаулық сақтаудың әлеуметтiк базасын кеңейту жөніндегі жұмыс мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
қоғамдық, қайырымдылық және дiни ұйымдармен ынтымақтастық;
қоғамның адамгершiлiк салауатын қорғақта бағытталған мемлекеттік және қоғамдық iс-шараларға жәрдемдесу;
медициналық ағарту және медициналық ақпарат жүйелерiн кеңейту, медицина қызметкерлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiн құруға жәрдемдесу;
халық арасында отбасыны нығайту, салауатты өмiр салты мәселелерi бойынша жұмыс жүргiзу, жарнамаға бақылауды күшейту.
15. Денсаулық сақтау саласын дамытуды ақпараттық сүйемелдеу
Саланы дамыту шеңберiнде жүргiзiлетiн ұйымдастырушылық-техникалық iс-шаралар, жүйенiң барлық деңгейлеріндегі қажеттi басқару шешімдерiн дер кезiнде қабылдау үшін денсаулық сақтау жүйесiнде жүрiп жатқан процестердi бейнелейтiн тұрақты және сенiмді ақпаратпен қамтамасыз етудiң қажеттiлiгiн көздейдi. Ақпараттық сүйемелдеу, түбiнде қорларды едәуiр үнемдеуге алып келетiн, саланы сатылап компьютерлендiрусiз мүмкiн емес. Медициналық көмек көрсетудiң барлық деңгейлерiндегі жоспарлау, болжау және қаржы-экономикалық өзара iс-қимыл жасау процесін жiтi ұйымдастыру негiзiнде, шаралардың ішінен жүйе субьектiлерi арасындағы сапалы өзара есеп айырысу мен көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасын тиiмдi басқаруды қамтамасыз етудi таңдау көзделуде.
Саладағы статистикалық есеп берудiң қолданылып жүрген жүйесi кең және ақпараттық көрсеткiштердi пайдалану негізiнде медициналық көмек көрсетудiң нәтижелерiн және елдегi демографиялық ахуалды және халықтың денсаулық жағдайын нақты бейнелейтін параметрлердi қадағалауды, қаржылық-экономикалық мониторингтi жетілдіруді, жаңа ақпараттық технологияларды енгізудi және құжат айналымын оңайлатуды түбегейлi қайта қарауды қажет етедi.
16. Қорытынды
Осы Тұжырымдаманы iске асыру медициналық көмектiң қол жеткiзiлуi деңгейiн сақтауға және дәйектi түрде арттыруға, саланың алдын алуға бағытталуын, оның қазiргi заманғы талаптарға және қоғамның нарықтық жағдайларына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бұл ретте, медициналық қызмет көрсетудiң аз шығынды нысандарына көшу үшiн нақты жағдайлар жасау, БМСК-нi жетілдiру және саланы бара-бар қаржыландыруды қамтамасыз ететiн тетiктердi енгізу жолымен денсаулық сақтау жүйесiнiң серпiндi дамуы мүмкiн болады, бұл ретте, көзделген стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын нығайтуды, демографиялық ахуалды тұрақтандыруды, қоғамның одан әрi дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi.