Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229
қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 753 қаулысы
ҚР Үкіметінің 01.06.04 ж. № 604 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мұражайының және "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығының қызметiн ұйымдастырушылық және қаржылық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң штат саны лимиттерiнде:
6 "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген бөлiмде:
1) мынадай мазмұндағы: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайы 350" деген жолмен толықтырылсын;
2) "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы 40" деген жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі