«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы
2000 жылғы 19 мамырдағы № 51-II Қазақстан Республикасының
Заңы
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
10-баптың он үшінші абзацындағы «резервтік қорынан» деген сөздер «резервінен» деген сөзбен ауыстырылсын;
11-баптың екінші бөлігінің сегізінші абзацындағы «резервтік қорынан» деген сөздер «резервінен» деген сөзбен ауыстырылсын;
13-бапта:
екінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«- төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға қатысты бөлігінде көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджет құрамындағы резервінің көлемі туралы, сондай-ақ материалдық-техникалық, азық-түлік медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құру туралы шешімдер қабылдайды;»;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«- бекітілген бюджет нысаналарына сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді және материалдық-техникалық, азық-түліктік, медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құрып, пайдаланады;»;
29-бап алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |