Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 4 мамырдағы № 528
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 694 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.07.02 ж. № 832 қаулысына сәйкес 2002 ж. 1 қаңтарынан осы қаулының күші жойылды
Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң тәртібін жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 4 мамырдағы № 528 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 17, 175-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң тәртібінде:
5-тармақтағы "107101 "Берешектiң түсуі" коды бойынша кiрiстердi қоспағанда" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Күннің қорытындысы бойынша бюджеттік алулардың" сомасын есептеу кезiнде мынадай түсiмдер:
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, заңнамада белгiленген тәртiппен, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешектерiнiң есебіне өтелетiн жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектерi;
заңнамада белгiленген, қарыз алу лимитiнiң шегiнде аймақтық инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдардан осы мақсаттарға қарызға алынған қаражаттың есебiнен жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн несиелер бойынша сыйақылар (мүдделер) есептелмейдi.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бюджеттік алу республикалық бюджет туралы заңда белгіленген сомалардың шегiнде және бюджеттік алуларды облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiне сәйкес ай сайын бөлумен қаржы жылы бойы жүргiзiледі. Республикалық бюджетке аударуға жататын бюджеттік алулардың сомасы бiр ай iшiнде жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiмен айқындалған бюджеттік алудың сомасынан асып түскен жағдайда, заңнамада белгіленген тәртiппен облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесіне өзгерiс енгiзiледi.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі