Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N
796 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 мамырдағы № 662
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
4-ші бағандағы реттік нөмірі 23-жолдағы "Президент Іс Басқармасының резерві" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-жолмен толықтырылсын:
"30. Әкімшілік ғимарат 1232,3 Қазақстан Республикасының
М. Әуезов көшесі, 59-үй Сыртқы істер министрлігі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі