8) аталған ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін, тиісті бейіндегі ғылыми дәрежесі, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы, отандық және шетелдік журналдарда, халықаралық конференциялар еңбектерінде ғылыми жарияланымдары, магистрлік даярлау бейіні бойынша оқу және оқу-әдістемелік құралдары бар жетекші мамандар, штаттағы оқытушылар магистранттарға ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруға тиіс;
9) оқу процесінде инновациялық ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану;
10) білім алушылар контингентін және оқу құнын негізге ала отырып айқындалатын, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша айқындалатын мөлшерден кем емес, білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ететін меншікті, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы материалдық-қаржылық активтерінің болуы;
11) магистранттың бір жылғы оқуына жоспарланған ең аз шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкес болуға тиіс;
12) толық оқу цикліне магистранттардың келтірілген контингентіне шаққанда бір білім алушыға кемінде 140 бірлік басылымнан келетін мамандандырылған оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының болуы. Бұл ретте кітапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы табиғи, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негізгі оқу әдебиеті басылымдарын қамтуға тиіс. Электронды және магнитті тасығыштардағы оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етілуі мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердің кемінде 20 пайызы;
13) оқу сабақтарының ауысымдылығын ескере отырып, меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың күндізгі нысанда оқитын бір білім алушыға келетін жалпы алаңының қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келуі және мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігі;
14) білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті және қазіргі заман талаптарына жауап беретін оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы;
15) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда білім беру ұйымының, практикадан өткізу базалары болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері айқындалуы тиіс);
16) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру орындарының болуы.
ҚР Үкіметінің 07.12.04 ж. № 1281 қаулысымен 23-2-тармақпен толықтырылды
23-2. ҚР Үкіметінің 2005.20.12. № 1253 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 07.12.04 ж. № 1281 қаулысымен 23-3-тармақпен толықтырылды
23-3. ҚР Үкіметінің 2006.12.12. № 1195 Қаулысымен алып тасталды (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.12.12. № 1195 Қаулысымен 23-4-тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
23-4. Діни оқу орындарының қызметтеріне қойылатын біліктілік талаптары:
1) даярлық бейіні бойынша жоғары діни білімі бар және діни бірлестіктер қоятын талаптарға сәйкес келетін штаттағы оқытушылардың болуы;
2) толық оқу цикліне білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға саны кемінде 50 бірлік басылымнан келетін оқу және оқу-әдістемелік әдебиет қорының болуы;
3) білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы, санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес келетін оқу-материалдық базасының болуы;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру орындарының болуы;
5) аталған діни білім беру мекемесін лицензиялау орындылығының негіздемесі бар тиісті діни конфессия қолдаухатының және Қазақстан Республикасының аумағында діни конфессияны тіркеу туралы куәлігінің көшірмесінің болуы;
6) діни конфессия басшылығы бекіткен даярлық бейіні бойынша білім беру бағдарламаларының (оқу жоспарларының) болуы;
7) мәлімделген діни білім беру бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті қорытындысының болуы.
ҚР Үкіметінің 02.08.02 ж. № 861 ; 2006.12.12. № 1195 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 24-тармақ өзгертілді
24. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін ұйымдардың қызметіне:
1) аспирантураға:
жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруді жүзеге асыратын, осы ұйымда даярланатын әр ғылыми мамандық бойынша толық ставкамен жұмыс істейтін, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы, отандық және шетелдік журналдарда, халықаралық конференциялар еңбектерінде даярлық бейіні бойынша ғылыми жарияланымдары, оқу және оқу-әдістемелік құралдары бар кем дегенде екі ғылым докторының болуы; даярланатын тиісті ғылыми мамандықтар бойынша ғылыми-зерттеу зертханаларының болуы;
даярланатын тиicті ғылыми мамандықтар бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, тәжірибелік және материалдық-техникалық базаның болуы;
2) докторантура:
жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруді жүзеге асыратын, осы ұйымда даярланатын әр ғылыми мамандық бойынша тұрақты ставкамен жұмыс істейтін, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы, отандық және шетелдік журналдарда, халықаралық конференциялар еңбектерінде даярлық бейіні бойынша ғылыми жарияланымдары, оқу және оқу-әдістемелік құралдары бар кем дегенде үш ғылым докторының болуы;
даярланатын тиісті ғылыми мамандықтар бойынша осы заманғы ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-зерттеу және материалдық-техникалық базаның болуы жөнінде біліктілік талаптары қойылады.
4. Лицензияны кері қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру
25. Лицензиардың білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияны кері қайтарып алуға немесе оның қолданылуын тоқтату тұруға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 07.12.04 ж. № 1281 қаулысымен 26-тармақ толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.12.12. № 1195 Қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
26. Лицензияның күшін алты айға дейін тоқтата тұруға:
1) білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
2) білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарына сәйкес келмеуі;
3) көрсеткiштердiң біліктілік талаптарында белгіленгеннен төмендеуi негіз болып табылады.
27. Лицензияның қолданылуы тоқтатылып тұрған кезеңде лицензиат білім беру қызметін тоқтатпай, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған себептерді жоюға тиіс.
28. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімге лицензиат сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
29. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептері жойылғаннан кейін лицензияны қолдану жаңартылады.
ҚР Үкіметінің 07.12.04 ж. № 1281 қаулысымен 30-тармақ толықтырылды
30. Лицензияны қайтарып алуға:
1) соттың лицензиатқа өзінің жүзеге асыруына лицензиясы бар қызмет түрімен айналысуына тыйым салуы;
2) лицензиардың лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерінің жойылмауы;
3) лицензияда қойылған талаптарды лицензиаттың орындамауы;
4) лицензиаттың қасақана жалған ақпарат бepуi негіз болып табылады.
31. Берілген лицензия кері қайтарып алынған жағдайда, оның қолданылуы тоқтатылады және лицензиарға қайтарылуға тиіс.
32. Лицензияның кері қайтарылып алынуы тиісті білім беру қызметін тоқтатуға әкеп соғады.
33. Білім беру ұйымы лицензияның кері қайтарып алынуына байланысты білім беру қызметін тоқтатқан жағдайда, оның құрылтайшылары білім алушылардың басқа білім беру ұйымдарында оқу жылын аяқтауына шаралар қолдануға міндетті.