Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14
сәуірдегі № 578 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы № 554 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы бекітілсін.
2. "Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 маусымдағы № 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 26, 215-құжат мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2-тармақтағы "Қоса беріліп отырған" деген сөздер өзгеріссіз қалдырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген, Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы ережедегі:
5-тармақтың жетінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "комитетінің" деген сөз "агенттігінің" деген сөзбен ауыстырылсын;
3. "Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі № 389 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 13, 107-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 14 сәуірдегі
№ 578 қаулысымен бекітілген
Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның
құрамы
Құлмаханов - Қазақстан Республикасы Төтенше
Шалбай Құлмаханұлы жағдайлар жөніндегі агенттігінің
төрағасы, төраға
Бижанов - Қазақстан Республикасы Төтенше
Нұрахмет Құсайынұлы жағдайлар жөніндегі агенттігі
төрағасының бірінші орынбасары,
төрағаның орынбасары
Омарова - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Мәриям Нұрғалиқызы сақтау ісі жөніндегі агенттігінің
төрайымы, төрағаның орынбасары
Асқаров - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Альберт Мұхтарұлы ісі жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қызметі
бастығының орынбасары, хатшы
Комиссия мүшелері:
Алтынбеков - Қазақстан Республикасы Төтенше
Сейілбек Алтынбекұлы жағдайлар жөніндегі агенттігінің
Азаматтық қорғаныс және әскери
бөлімдер департаментінің директоры
Атшабар - Қазақ чумаға қарсы ғылыми-зерттеу
Бахыт Бақиұлы институтының директоры
Әбіқаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Нұртай Әбіқайұлы істер бірінші вице-министрі
Бычкова - Қазақстан Республикасы Әділет
Светлана Федоровна министрлігінің Соттық сараптама
орталығының директоры
Дүрімбетов - Қазақстан Республикасының
Еркін Ермекұлы Мемлекеттік бас дәрігері, Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау ісі
жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары
Жұмабеков - Қазақстан Республикасы Бас
Оңалсын Исламұлы Прокурорының бірінші орынбасары
(келісім бойынша)
Кравчук - Қазақстан Республикасы Төтенше
Александр Васильевич жағдайлар жөніндегі агенттігінің
Төтенше жағдайлардың алдын алу
департаментінің директоры
Мырзахметов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асқар Исабекұлы шаруашылығы вице-министрі
Нүкенов - Қазақстан Республикасының
Маратқали Ордабайұлы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден
комитетінің төрағасы
Нұрбеков - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Қосбасар Болатбекұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының
бірінші орынбасары
(келісім бойынша)
Отто - Қазақстан Республикасының Ішкі
Иван Иванович істер вице-министрі
Петров - Қазақстан Республикасы Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар жөніндегі агенттігі
төрағасының орынбасары
Сыпатаев - Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық
Майдан Бегімбекұлы станциясының бас дәрігері
Тұрсынқұлов - Қазақстан Республикасы ауыл
Шахайдар Жорабекұлы шаруашылығы министрлігінің
Ветеринарлық қадағалау
департаментінің директоры
Цой - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Валерий Николаевич министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық
орталығының бастығы
Чакликов - СПИД-тен сақтандыру және қарсы күрес
Тұрар Ескендірұлы жөніндегі республикалық
орталығының бас директоры