Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
"Ақпараттарды техникалық қорғау орталығы" мемлекеттік
мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 12 сәуірдегі № 557 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1036 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1036 қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді
Мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпараттарды техникалық қорғау орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1036 қаулысымен қаулысымен 2-тармақ алынып тасталды
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Мекеменің жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) Осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1036 қаулысымен қаулысымен 3-тармақ алынып тасталды
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысы:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі" деген 3-тарау мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Ақпараттарды техникалық қорғау орталығы 14"
2) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдерді пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге көліктік қызмет көрсетуге арналған автомобильдердің тиесілілік табелінде:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі" тарауында:
"Арнайы жеңіл автомобильдерді пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер" және "Автомобильдердің шекті саны" бағандары мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Ақпараттарды техникалық қорғау орталығы 1"
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі