Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 сәуірдегі № 508 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 40, 367-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесінде:
1) мәтіндегі «Департамент», «Департаменттің» деген сөздер «Комитет», «Комитеттің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Акцияларды сатудан алынған ақша заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.»;
3) 15, 23-тармақтардағы «Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі агенттігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 29-тармақтағы «Қаржы министрлігіне» деген сөздер «Үкіметіне» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Акцияларды сатудан алынған ақша заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Қ. Тоқаев |