Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N
796 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 29 наурыздағы № 457 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 11-жолдағы, 4-бағандағы "Президент Іс Басқармасының резерві" деген сөздер "Қорғаныс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары