Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 16 наурыздағы № 409 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 353 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу жөнiндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 572-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «1. Шетелдiк ұйымдардың» деген сөздерден кейін», оның iшiнде халықаралық ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрi Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы енгiзiлсiн;
көрсетілген құрамнан Досаев Ерболат Асқарбекұлы шығарылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөніндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережедегi:
«Жалпы ережелер» деген 1-бөлiмдегi «Шетелдiк ұйымдардың» деген сөздерден кейiн», оның iшiнде халықаралық ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
4-бөлiм мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
«Ведомствоаралық комиссияның кезектi мәжілісiн дайындау үшiн Жұмысшы органы сұратқан материалдарды оған министрлiктер мен ведомстволар үш күн мерзiмде ұсынады».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі