Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 26 наурыздағы № 308
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 15 наурыздағы № 404 қаулысы
ҚР Үкіметінің 28.02.01 ж. № 290 қаулысымен күші жойылды
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 47-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кейбiр акционерлік қоғамдардың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 наурыздағы № 308 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж ., № 10, 92-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақтың 6) тармақшасындағы "Қазақстан Эксимбанкi" жабық ақционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнiң құрамы жаңа редакцияда жазылсын:
"Сәйденов Қазақстан Республикасының
Әнуар Ғалимоллаұлы Қаржы вице-министрi, төраға
Ақанов Қазақстан Республикасының
Серiк Ахметжанұлы Экономика бiрiншi вице-министрi
Бейсембетов Қазақстан Республикасы
Ескендiр Қалыбекұлы Президентінің Әкiмшiлiгi
Әлеуметтiк-экономикалық талдау
бөлiмiнiң меңгерушiсi (келісім
бойынша)
Мұқамеджанов Қазақстан Республикасы Премьер-
Бектас Ғафурұлы Министрінің кеңесшiсi
Iзтiлеуов "Қазақстан Эксимбанкi" жабық
Бейсенбай Ізтiлеуұлы акционерлік қоғамы
басқармасының төрағасы"
2. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 26 наурыздағы № 308 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 19 қаңтардағы № 95 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Қ. Тоқаев |