Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң
мемлекеттік мекемелерiн құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 15 наурыздағы № 400 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.05.03. № 214 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларға шұғыл шара қабылдау, республиканың тұрғындары мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерiнiң табиғи зiлзалалардан, авариялардан және апаттардан қорғалуын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мынадай мемлекеттік мекемелер (бұдан әрi - Мекемелер):
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң Батыс аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отряды;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң Орталық аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отряды құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылға арналған республикалық бюджетте күтпеген шығыстарға көзделген резервiнен 35 (отыз бес) миллион теңге, оның iшiнде:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң Батыс аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отрядын ұстауға және жабдықтауға 12 (он екi) миллион теңге;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң Орталық аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отрядын ұстауға және жабдықтауға 15 (он бес) миллион теңге;
Мекемелердiң басшы құрамы мен құтқарушыларын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң Республикалық жедел-құтқару отрядында даярлауға 8 (сегiз) миллион теңге бөлiнсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2001 жылдан бастап жыл сайын республикалық бюджеттiң жобасында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне Мекемелердi ұстауға қаржы бөлудi көздесiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Астана қаласы мен Атырау облысының әкiмдерiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде Мекемелердi орналастыру үшiн қажеттi үй-жайлар мен жер учаскелерiн бөлудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігi заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) Мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн, оларды әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын;
3) бес күндiк мерзiмде Мекемелердiң басшы құрамы мен құтқарушыларын ұстауға, жабдықтауға және даярлауға арналған шығыстардың сметасын дайындасын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын.
6. ҚР Үкіметінің 2005.05.03. № 214 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Қ. Тоқаев |